26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Кім кедейліктен қорықса, амалы көтерілмейді

Кім кедейліктен қорықса, амалы көтерілмейді

Ислам тарихы

Бірде имам Әбу Хазим (р.а) былай деді:

«Кімде-кім кедейліктен қорықса, амалы жоғарыға көтерілмей қалады. Кедейліктен қорқудың бір себебі – Раббысының ризық беруіне деген күдігі…» дейді. Расымен өте ауыр сөздер. Дәл солай тәбиғин Хасан әлБасри де (Алла оны рахымына алсын) Алланың ризық беретініне күмәнмен қарап, болашағын шамадан тыс көп уайымдайтын адамдар жайлы былай дейді: «Алла Тағала Өзі ризық беретіндігіне ант етсе де, онысына сене алмаған құлдары лағынетке ұшыраған».

Бұған қатысты Әбу Язид әл-Бастамидің де оқиғасын да оқыған боларсыз. Бірде Әбу Язид әл-Бастамидің алдына келіп, бір кебін ұрлаушы тәубе етеді. Сол кезде Әбу Язид оған: «Қаншама қабірлерді көрдің. Олардың һәл- жағдайы қалай екен?» деп сұрақ қойды. Әлгі кебін ұрлаушы: «Мыңдаған қабірлерді қазып, кебін ұрладым. Бірақ, сол мыңның ішінен екі адамның ғана жүзі құбылаға қарап тұрғанын көрдім. Қалған барлығының да жүзі құбыладан бұрылып кеткен» дейді. Сол сәтте Әбу Язид оған мына бір ауыр сөздерді айтқан: «Неткен міскіндер еді! Алланың уәде еткен ризығына деген күмән – олардың жүзін құбыладан бұрып әкеткен».

материал «Имам Әбу Хазимнің өсиеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: