01
Жұма,
Қараша

һижри

Әр күнә үшін әр қатарда тұрғың келе ме?

Әр күнә үшін әр қатарда тұрғың келе ме?

Ислам тарихы

Имам Әбу Хазим өз-өзін көп есепке тартатып «мухасиб» еді. Ол өзінің бір сөзінде:

«Ертең қияметте «Пәленше күнәні жасағандар мына қатарға, түгенше күнәні жасағандар мына қатарға» деп айтылғанда, әр күнә атаулысын жасаған адамдармен әр қатарда тұрғың келе ме?!» деп, өзін қатты есепке тартатын еді.

«Мухасаба» (өзін есепке тарту) – өте мақтаулы амалдардың бірі. Ғалымдарымыз айтпақшы мухасаба жасауға ең ыңғайлы уақыт – ақшам немесе құптан намазынан кейінгі уақыт. Бүгін қандай күнә жасадың, кімді ғайбаттадың, не үшін ғайбаттадың, кімді ренжіттің, кімге ауыр сөйлеп қойдың және сол секілді қателіктеріңді еске түсіріп, сол бір қателікті ертең жасамаудың алдын алу.

материал «Имам Әбу Хазимнің өсиеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: