Жуырда Діни басқарманың жас мамандарынан құралған «IQUP» командасы елордадағы «IQAS» интеллектуалды ойынына қатысты.
Біліммен қатар адамның логикалық ойлауы сынға түсетін зияткерлік сайысына барлығы 27 команда, соның ішінде «Корпоратив лигасына» 15 команда қатысқан болатын. Мүфтият жастары ақыл-ой жарысында мерейі үстем болып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Айта кетейік, өткен аптада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ұлттық мереке – Республика күніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлері арасында интеллектуалды білім сайысы ұйымдастырылған болатын.