Ибраһим ибн Тайми айтады: «Осы өмірдің ләззатын екі нәрсе бұзады. Бірі- өлім, екіншісі – Алланың алдындағы есебім. Осы екі нәрсені ойласам болды, мен барлық ләззаттан арыламын».
Каъб болса былай деген: «Ажалдың ақиқат екендігін білетін адамға дүниенің әуресі мен бақытсыздықтың мәні болмайды».
Сафия (оған Алла разы болсын) былай айтқан: «Бір әйел Айшаға келіп, жүрегінің мейірімсіз, қаттылығын айтып шағымданады. Сонда Айша (оған Алла разы болсын): «Үнемі өлімді есіңнен шығарма және де өлім жайлы көп айт. Ол сенің жүрегіңді жібітіп, жұмсартады». Біраз уақыттан соң әлгі әйел Айшаға келіп, оған алғысын айтады».
Иса пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), жанында өлім туралы айтылғанда оның денесінен қан тамшылай бастайтын.
Дәуід пайғамбардың жанында ажал жайлы айтылған кезде, я болмаса ол өзі айтқан кезде немесе Есеп күні туралы әңгіме болған кезде, ол буындары ауырғандай жылайтын. Ол өзіне-өзі тек қана Алланың мейірімі мен рақымы жайлы айтылған кезде ғана келетін.
Хасан Басри (оған Алла рақым етсін) былай деген: «Мен өлімге немқұрайлы қарамайтын және өлімді еске алып мұңаятын адамдардан өзге ақылды адамдарды көрмедім».
Омар бин Абдул Азиз (оған Алла рақым етсін) бір ғалымға былай деген: «Өтінемін, маған біраз насихат айтшы?» Ал ол болса былай деп жауап береді: «Өлімге душар болған бірінші халиф сен емессің!» Омар бин Абдул Азиз: «Жалғастыр»,- дейді. Сонда ол: «Сенің ата- бабаң Адамға дейін тірі қалмаған, барлығына да өлім жеткен. Енді сенің кезегің келді. Сен де өлесің!» Сонда халиф Омар бин Абдул Азиз осындай насихатты естіген соң, өзін- өзі ұстай алмай жылаған екен.
Раби ибн Хайса үйінен қабір қазып қойып, күн сайын, бірнеше мәрте сол жерге кіріп жататын болған. Осылайша ол өлімді үнемі еске алып тұруды қалайтын. Ол өзі былай деген: «Өлімді бір сәтке болсын естен шығарған кезімде жүрегім тулап кетеді».
Мутарриф бин Абдуллах бин Шухайр былай деген: «Шындығын айтқанда, ажал байлық пен молшылықтағы адамдардың ләззатын алып қойған. Себебі ажал адамдағы байлық пен молшылықтан туған рахаттану сезімін алып қояды. Сондықтан да ажал ерекше рақымдылық, сирек нығымет».
Омар бин Абдул Азиз Әнасқа былай деген екен: «Өлімді жиі еске алып, ол туралы көп айт. Егер сен ризық табуда қиналмасаң және де ауқатты болсаң ажал сенің алқымыңнан алып қиын жағдайға салады. Сол кезде саған бұл дүние тар болып кетеді. Ал егер саған ризығыңды табу қиын болса, ол саған кеңдік, разылық пен жақсылық береді».
материал «Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары» кітабынан алынды,
ummet.kz