25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Рамазандағы құлшылықтарымыз қабыл болды ма?

Рамазандағы құлшылықтарымыз қабыл болды ма?

Ораза

Қасиетті Рамазаннан қаншалықты пайда алғанымызды білесіз бе? Рамазандағы құлшылықтарымыз қабыл болды ма, болмады ма? Оны қалай білеміз?

Әрине, ол тек Аллаға белгілі. Рамазандағы құлшылықтарымыздың қабыл болғанын, Рамазаннан пайда алғанымыздың белгілері мыналар:      

Рамазаннан кейін де құлшылықты жалғастыру; Жүрегімізде, өмірімізде тақуалыққа қол жеткізу, егер Рамазаннан кейін тақуа бола алмасақ, Рамазаннан еш пайда көрмедік деген сөз, өйткені, Алла Тағала :«Әй, иман келтіргендер! Бұрынғыларға ораза парыз етілгендей, сендерге де ораза парыз етілді. Мүмкін тақуалыққа қол жеткізерсіңдер» («Бақара» сүресі, 183–аят) деген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай дейді: «Кімде-кім Рамазан оразасын ұстап, кейін Шәууәл айынан алты күн ораза ұстауды жалғастарса, оған бір жыл ораза ұстағанның сауабы жазылады».

Одан кейін де әртүрлі құлшылықтарды, нәпіл істерді жоғарыда көрсетілген сауапты істерді әрдайым тастамай істеуге тырысыңыз.

Алла Тағала Рамазанның әр күнінде қаншама құлдарын тозақтан босатты. Алла Тағаланың кешірімі шексіз кең. Бірақ, Алла Тағала барлық құлдарды тозақтан құтқара ма? Әрине жоқ, олай емес, бұл ақылға да сыймайды, шариғатта оны қабылдамайды. Бұл айда Алланың тозақтан құтқаратын адамдары – олар тек содан құтылуға асыққандар, тырысқандар, амал еткендер ғана. Ол ұлы бақыт барлық адамға емес, қана Алла Тағаланың жолындағы  адамдарға ғана нәсіп етеді. Олар қанша шаршаса да барлық ауырлық, қиындықтардан өтеді, инша Алла, сауабы қалады, ақирет күні соның нәтижесін көреді.

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: