25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с.) оразасын үзбей ұстаған жұмақтағы жұбайы

Пайғамбардың (с.ғ.с.) оразасын үзбей ұстаған жұмақтағы жұбайы

Ораза

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Хафсаға талақ береді.

Сонда екі нағашысы Құдама мен Осман кіріп келгенде көз жасына ерік беріп: «Менің аузым ашық болған кезде талақ етпеді», – деп жылайды. Біраз уақыттан соң Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кіріп келіп: «Маған Жәбірейіл келіп: Хафсаны қайтар, ол оразашыл және түнгі ғибадатқа аса берік. Ол сенің жәннаттағы жұбайың, – деді», – деп қайта алады.

Періштелердің төресі Жәбірейілдің (ғ.с.) өзі Хафса (р.а.) анамыздың оразаға берік екеніне көктен куәлік етіп келген. Байқасаңыз, Ораза Хафса (р.а.) анамызға отбасын сақтап қалуға көмектесті. Тіпті, Пайғамбардың жәннаттық жұбайы болу мәртебесіне жеткізді. Хафса анамыз дүниеден өткенге дейін оразасын үзбей тұтып кетті.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: