25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Рамазандағы оразаның қабыл болғанын қайдан білеміз?

Рамазандағы оразаның қабыл болғанын қайдан білеміз?

Ораза

Ғұлама Хафиз ибн Раджәб (оған Алланың ризашылығы болсын) оразаның қабыл болуы туралы былай деген екен:

"Адамның Рамазандағы оразасының қабыл болуының көптеген белгілерінің бірі ол адам Рамазан аяқталғаннан кейін құлшылығын нәпіл оразалармен жалғастырады. Өйткені егер Алла бір құлдың құлшылығын қабыл еткен болса, Ол оған ғибадаты мен игі істерін әрі қарай орындауға жәрдемдеседі" [«Лятаиф аль-ма’ариф», 221]

Бірақ, соған қарамастан, Алланы Рамазан айында еске түсіретіндер бәрібір Алланы мүлде еске алмайтындардан, Оған Рамазанда да, басқа кездерде де құлшылық етпейтіндерден жақсырақ. 

Алла Тағала уақыттың кейбір мерзімдерін, күндерді және айларды ардақтағаны әрі оларда жасалатын игі амалдар басқа уақыттарға қарағанда Алла үшін ұнамдырақ және сүйіктірек болатынында күмән жоқ. Әрі Алла мұны Өз құлдарын белсенді ету үшін жасады. Алайда мұны «Басқа кездерде Алланы ұмыту, күнәлар мен бұзақылықтарға оралу, парыз-уәжіптерді орындауда салғырттық таныту керек» деп түсінуге болмайды! Жоқ! Осы ардақты уақыттар, соның ішінде ұлы Рамазан айы да Алланың құлына нәсіп еткен белсенділікті одан кейінгі уақыттарда да ұстауына себепкер болуы керек. Мұның үстіне, құлшылық пен игілікте орташыл болып, тұрақтылық таныту, белгілі бір мерзімде ғана ынта танытып, кейін оны тастап кетуден жақсырақ. Айшадан (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Расында, Алла үшін ең сүйікті істер – бұл тұрақты түрде орындалатындары, тіпті олар аз болса да!» 

Ал Айша (Алла оған разы болсын) өзі былай деген: “Егер Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үй-іші қандай да бір амалдарды орындайтын болса, олар оны кейін тастамайтын”. (Мүслим 782)

Әлқама былай деп баяндайтын: “Мен Айшадан: «Уа, мүміндердің анасы, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) амалдары қандай болатын? Ол қандай да бір күндерді ерекшелейтін бе?», - деп сұрадым. Ол: «Жоқ, оның амалдары тұрақты болатын. Бірақ сендерден кім Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жасай алатынды жасай алмақ?!», - деп жауап берді”. (Мүслим 783.)

Осы шарапатты хадисте өмірін Алла Тағалаға ықыласпенқұлшылық етумен өткізетін адамның ұлы жетістікке жететініне нұсқау бар.

Әш-Шәғбиден: «(Құлшылықта ынта таныту үшін) қайсы ай жақсырақ: ережеп пе (ражаб), шағбан ба?», - деп сұрағанда, ол: «Аллаға әркез құлшылық етуші бол, әрі «шағбаншыл» болма!», - деп жауап берген екен.  (“әл-Ләтаиф” 396)

Ендеше, біз де, уа, Алланың құлдары, «рамазаншыл» ғана болмай, осы ұлы айда қол жеткізген қайрат пен жігерімізді қалған өмірімізді де Ұлы және Аса Құдіретті Раббымызға құлшылықта және мойынсұнушылықта өткізу үшін пайдаланайық!

Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде: "Иман келтіргендердің жүректері Алланың зікіріне (Құранға) жұмсап әрі түскен хақиқатқа жібімей ме? Ал енді бұрын өздеріне кітап беріліп, сосын ұзын мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бұзақылар",- деген. («Хадид» сүресі, 16-аят) «Раббыңа саған өлім келгенге дейін құлшылық қыл» («Хижир» сүресі, 99-аят) деді.

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: