25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ораза бітпей тұрып Алланың алдында жылап ал!

Ораза бітпей тұрып Алланың алдында жылап ал!

Ораза

Егер:

Рамазанның соңғы күндерінде намазда тұрып, Жаратушыға деген жақындықты сезіну үшін ғибадатыңды ықыласпен оқуға бар күшіңді салсаң да;

Қасыңдағылардың барлығы жас балалар сияқты еңіреп жылағанда, сен еш сезімсіз болсаң;

Көздері жасқа толған, жүрегі мейірімге толғандардың сапында болғың келеді, бірақ сонда да болмай жатса;

Құлшылықтарыңмен ғибадаттың сондай бір деңгейіне жеткің келсе...

Ендеше жүрегіңмен оңаша қалып, сырласудың кезі келді. Жүрегіңе сұрақ қой: ол неліктен сондай суық? Неге Ғалам Жаратушысының сөздері жүрегіңді еш әсерсіз қалдырады? Өзінің Жаратушысын қажет етпейтіндей жүрегің соншалықты тәкаппар болғаны ма?! Жүрегің неліктен қатты? Жаратқанмен оңаша қалғанда неліктен жүрегің қорқыныш не қуанышты сезбейді? Жүрегің неге екіжүзді? Өтірік екенін біле тұра неге фильм көргенде жылайды да өзі ақырында қайда барарын біле тұра неге жыламайды?

Осылайша, нақты және ақырғы жауапты тапқанша індетіп сұрай бер. Рамазан айында осылайша Алла алдында жүрегіңнен жауап ал. Алланы еске алғанда жылайтын жүректен артық тәтті сезім жоқ. Ораза бітпей тұрып Алланың алдында бір рет те болса жылап ал!

материал «Кіршіксіз Рамазан үшін» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: