25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ұйықтап қалып, сәресіні өткізіп алған кісілер не істейді?

Ұйықтап қалып, сәресіні өткізіп алған кісілер не істейді?

Ораза

Сәресі ішу – парыз емес. Ұйықтап яки басқа себептермен сәресіні өткізіп алғандар ештеңе ішіп-жеместен ораза ұстауын ары қарай жалғастыра береді. Бірақ, сәресіні жіберіп алмауға тырысқан жөн.

Хадисте: «Сәресі ішіңіздер, себебі, сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсеңдер де сәресіні тастамаңдар. Себебі, сәресіге тұрғандарға Алла Тағала рақым етіп, періштелер кешіріп тілейді», - делінген.

Сәресі мезгілі – дұға-тілектер қабыл болатын ең берекетті уақыт. Сәресі ішу адамға күш береді, күндізгі жұмыстарын тыңғылықты атқаруға, ғибадаттарын кемшіліксіз орындауға көмектеседі. Бұған қоса, сәресіге тұрған кісі сүннет сауабын алады. Себебі, сәресі жеу – пайғамбарымыздың сүннеті.

Сәресіге тұрған кісі артынша сәре уақыты шықпай тұрып «Тәһәжжуд» намазын оқып, Раббысына мінәжат етсе нұр үстіне нұр.

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: