26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сәресіге тұрмай ораза ұстауға бола ма?

Сәресіге тұрмай ораза ұстауға бола ма?

Ораза

Иә, сәресіге тұрмай-ақ ораза тұтуға болады.

Алайда, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бір жұтым су ішсеңдер де сәресін үзбеңдер. Өйткені Алла Тағала мен періштелер сәресіге тұрғандарға жақсылық тілейді», – деген өсиеті бар. Сонымен қатар сәресіге тұрып ас ішу немесе ең болмаса су ішу не құрма жеу күні бойы адамға қуат береді. Нәтижеде, ораза ұстауда түрлі қиындықтардың алдын алуға септігін тигізеді.

материал «Оразаға қатысты 150 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: