25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Рамазан айының әр күні үшін фидия беретін кімдер?

Рамазан айының әр күні үшін фидия беретін кімдер?

Ораза

Ораза ұстауға күші жетпейтін, күш-қуаты кетіп әбден қартайған адамдар мен үмітсіз аурулар Рамазан айының әр күні үшін фидия береді.

Фидияның құны пітір сияқты. Бұл фидияны Рамазан айының басында да, ортасында да, аяғында да беруге болады. Қаласа фидияның бәрін бір кедейге жинап береді немесе жағдайы жоқтарға берсе болады. Мұндай жағдайдағы адамдар фидия беруге дәрмені жетпесе Аллаһтан кешірім сұрайды. Ал ораза ұстауға әлі жетпейтін қариялар мен үмітсіз аурулар келешекте ораза ұстай алатындай денсаулығы жақсарса, ұстай алмаған оразаларының қазасын өтеулері керек. Күш-қуаты жететін кісінің алдындағы берген фидияларының үкімі есептелмейді, нәпіл садақалары сияқты болып қалады.

материал «Ораза.Зекет.Садақа» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: