25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Рамазан – тозақтан құтылуға себеп

Рамазан – тозақтан құтылуға себеп

Ораза

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!): «Ораза – қалқан. Құл оны тозақтан қорғануға қолданады» (Ахмад, Насаи, ат-Табарани) дейді.

Шынында жоғарыда айтылған мәселелерді сақтай отырып, оразаны ықыласты түрде өтер болсақ, ұстаған оразамыз бізді тозақтан құтқарады.

Қорыта айтқанда, Ораза адамды жақсылыққа тәрбиелейді. Және  құлшылықтың есігі бола алады. Аллаға деген ықыласыңды көбейтіп, шайтаннан алыстатады. Алладан басқаға көрсете алмайтын жалғыз құлшылығыңыз – ораза. Сондықтан да ораза Райян жәннатына кіруге себеп болып, тозақтан қалқан болады. Қалқан болуының дәлелін Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Оразаның тозақтан қалқан болуының мысалы, ораза сізге біреумен төбелесуден қалқан болғанындай» (Ахмет) деп айқындап берді.

Ораза мұсылманның Раббысы разылығы үшін бағыттаған жүректегі ықылас-ниетін сырт көзге білдірмей одан әрі түзеуіне, шыңдай түсуіне жол ашады. Алла Тағала баршамызды оразаны шын ықыласпен лайықты түрде атқарып шығуымызды нәсіп етсін! 

материал «Рамазан айы және әйелдерге тән мәселелер» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: