26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Оның ішіп-жеуден ғана тыйылғаны Алла Тағалаға қажет емес»

«Оның ішіп-жеуден ғана тыйылғаны Алла Тағалаға қажет емес»

Ораза

Әбу Һұрайраның (р.а.) риуаят етуінше, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген:

«Кімде-кім ауыз бекіте тұра, өтірік айтуын қоймаса әрі алаяқтық істеуін доғармаса, оның ішіп-жеуден ғана тыйылғаны Алла Тағалаға қажет емес» (Бұхари, Саум 8. ).

Әбу Сағидтың (р.а.) риуаят етуінше, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген: «Қандай да бір пенде Раббысының жолында бір күн ораза ұстаса, Хақ Тағала сол күннің құрметіне оның жүзін тозақ отынан жетпіс жылға алыстатады» (Бұхари, Жиһад 36; Мүслим, Сиям 167.).

Әнәстің (р.а.) риуаят етуінше, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірде өзіне дәм ұсынған сахабасының үйінде былай деп дұға еткен: «Үйлеріңде ораза ұстағандар ауыз ашсын. Дастархандарыңнан әрдайым салиқалы, тақуа жандар дәм татсын. Періштелер сендер үшін Алладан рақым, жарылқау тілесін» (Әбу Дәуіт, Әтғима 54.).

Айша анамыз (р.а.) риуаят етуде: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Рамазан айының соңғы он күнінде түні бойы құлшылық жасап, отбасы мүшелерін (ғибадат жасау үшін) оятып, құлшылық мәселесінде ерекше ынта-жігер танытатын еді» (Бұхари, Ләйләтул-қадр 5; Мүслим, Иғтикаф 7.).

Әбу Һұрайраның (р.а.) риуаят етуінше, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген: «Үлкен күнәларға жоламау шартымен бес уақыт намаздың әрқайсысы келесі намазға дейінгі, әр жұма намазы келесі жұма намазына дейінгі, әр рамазан келесі рамазанға дейінгі аралықтағы жасалған күнәларға кешірім болады» (Мүслим, Таһарат, 16. Мүслим, Таһарат, 14, 15.).

материал «Ораза – теңдессіз құлшылық» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: