26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Айт күні орындалатын мустахаб амалдар

Айт күні орындалатын мустахаб амалдар

Ораза

Айт күніне қараған түнде намаз атқару (төрт мәзһабта). Бұл амалдың артықшылығы туралы хадистер өте көп, бірақ барлығы әлсіз.

1. Құрбан айт намазына үйден дәм татпай шығып, намаздан кейін үйге қайтып келгенде шалынатын құрбандық етінен әзірленген тағамнан жеу – сүннет. Абдулла ибн Бурайда әкесінің (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар ораза айтында үйден дәм ауыз тимей шықпайтын. Ал құрбан айтында намаз оқымайынша тамақтанбайтын», – деп айтқанын жеткізген.

2. Ғұсыл құйыну. Бұл амал жұма намазының ғұсылы секілді ұнамды саналады және айт намазына бара алмаған кісіге де қатысты. Өйткені айт – әсемденуге лайықты мейрам күні.

3. Киімнің ең жақсысын кию. Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Алланың елшісі айт күні қызыл шапанын киіп шығатын», – деген.

4. Әтір себіну және мәсуәкті пайдалану.

5. Көңілді болу және құттықтау сөздерін айту. Жубайр ибн Нафир: «Пайғамбардың сахабалары айт күні кездескенде бір-бірлеріне: «Алла бізден де сенен де қабыл етсін!», – деп айтатын деген.

6. Жомарттық таныту, садақа беру.

7. Намазға ертерек және жаяу барып, жаяу қайту. Ибн Омар (Алла оған разы болсын): «Алла елшісі айтқа жаяу барып, жаяу қайтатын», – деп айтқан.

8. Үйге басқа жолмен оралу. Жәбир ибн Абдулла (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар айт күні барған жолынан басқа жолмен оралатын», – деген.

9. Айт намазының алдында және артында мешітте нәпіл намаз оқымау. Үйге оралғанда нәпіл оқу мустахаб. Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Алланың елшісі құрбан айтында не ораза айтында екі рәкағат айт намазын оқыған. Одан бұрын не кейін басқа намаз оқымаған», – деп айтқан. Әбу Саиид әл-Хұдри (Алла оған разы болсын): «Алланың елшісі айт намазынан үйіне оралғанда екі рәкағат нәпіл оқитын» – деген.

материал «Ислам ғибадаты» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: