26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құлаққа дәрі тамызу және оны шайдыру оразаны бұза ма?

Құлаққа дәрі тамызу және оны шайдыру оразаны бұза ма?

Ораза

Құлақ пен тамақ қуысы арасында байланыс бар екені мәлім.

Алайда, құлақтағы перде бұл байланыс каналын жауып тұратындықтан құлақты шайдырған кездегі су немесе тамызылған дәрі тамақ қуысына қарай өтпейді. Құлақ пердесі тесік болса да тамызылған дәрі құлақтың ішіне сіңіп кететіндіктен, асқазанға қарай кетпейді. Өткеннің өзінде оның мөлшері өте болмашы. Жоғарыда айтып өткендей, ондай көлем оразаны бұзбайды. Алайда, құлақтағы перде жыртылса, жуғызған кезде асқазанға өтетін судың мөлшері көбірек болғандықтан, ол кезде ораза бұзылады.

материал «Рамазан айы және әйелдерге тән мәселелер» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: