26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаздың ішкі парыздары (2)

Намаздың ішкі парыздары (2)

Намаз

"Бес парыз" айдарының өткен санында намаздың ішкі парыздарын бастаған едік. Бүгін намаздың ішікі парыздарының соңғы бөлімін назарларыңызға ұсынамыз.

  1. Қырағат

Қырағат – оқу деген сөз. Бұл жерде «Құран оқу» мағынасын білдіреді. Намазда оқылатын аяттың ең қысқасы Әбу Ханифа бойынша үш аят немесе осы үш аяттың көлеміндей бір яки екі аят. Қырағаттың парыз болуы. Аят: «Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар»[1]. Хадис: «Қырағатсыз намаз жоқ»[2]. Екі мейлі төрт рәкат намаз болсын, оның тек екі рәкатында қырағат – парыз. Бірақ сол қырағатты алғашқы екі рәкатында оқу – уәжіп. Нәпіл мен үтір намаздарына келсек, олардың барлық рәкаттарында қырағат –парыз. «Фатиха» сүресін оқу  уәжіп.  Сондықтан  «Фатиха»  оқылмаса,  намаз «тахрим мәкрүһ»[3] ретінде дұрыс. Намазда «Фатиха-ны» оқуды ұмытқан жағдайда қателік (сәһу) сәждесін жасау керек. Намаздың негізгі тіректерін құраған қиям, рүкүғ сәжде секілді парыздарға қарағанда, қырағат – намаздың артық парызы. Сондықтан қиям, рүкүғ сәжде және соңғы отырыс мейлі жамағатпен, мейлі жалғыз оқығанда тәрк етілмейді де, қырағат имамға ұйыған адамға міндеттелмейді. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Имам – оған ұю үшін тағайындалып қойылған. Имам тәкбір айтқанда, сендер де айтыңдар, Құран оқыған уақытта, үнсіз болыңдар»,171[4] – дейді.Имам Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша, қырағаттың тек арабша мәтіні болу керек. Құранды басқа бір тілге аударып оқу – дұрыс емес. Әбу Ханифа Құранды басқа бір тілге аударып оқуға болады деп иштиһад етсе де, кейіннен бұл көзқарасынан қайтқан.Қырағатты намазда іштен оқыса, қырағат санал-майды. Сол себепті, оны адамның өзі еститіндей немесе тілі әріптерді ақырын шығарып қимылдау керек. Бірақ жанындағылар еститіндей оқып, олардың көңілін бұзбау қажет[5].

 

[1] Мүзәмміл, 73/20.

[2] Муслим, Салат, 42.

[3] Харамға жақын мәкрүһ.

[4] Бухари, Таксир, 19; Әбу Дәәуд, Салат, 68, 175

[5] ДИА, 144.

Бөлісу: