25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ұмытылған сүннет: Тәһәжжудқа тұрғаннан кейін дұға қылу

Ұмытылған сүннет: Тәһәжжудқа тұрғаннан кейін дұға қылу

Намаз

Ибн Аббастан (Алла екеуіне де разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түнде тәһәжжуд оқу үшін тұрып:

«Уа, Алла, Саған мадақтар болсын! Көктегі және жердегі барлық нәрсеге Сен билік етесің! Саған мадақтар болсын, көктегі және жердегі және ондағы барлық билік Саған тиесілі! Саған мадақтар болсын! Сен көк пен жерді және ондағы барлық нәрселерді нұрландырушысың! Саған мадақтар болсын! Сен жердегі және көктегі барлық нәрсенің иесісің! Саған мадақтар болсын! Сен – ақиқатсың, уәделерің – ақиқат, Сенімен кездесу – ақиқат, Сенің сөзің – ақиқат, Сенің Жұмағың – ақиқат, Тозақ оты – ақиқат, Пайғамбарлар – ақиқат, Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) – ақиқат, Қиямет Сағаты – ақиқат. Уа, Раббым! Мен Саған ғана мойынсұндым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Саған бет бұрдым, Сенің берген дәлелдеріңме қарсыластарға қарсы шықтым және Сені ғана төреші ретінде қабылдадым, сондықтан мені бұрын істеген және келешекте істейтіндерімді, жария істегенімді де, жасырын істегенімді де кешір. Сен алға жылжытып, артта қалдырушысың. Сенен басқа құлшылыққа лайықты ешнәрсе де және ешкім де жоқ. Алладан басқа ешкімде күш те, қуат та жоқ».

(Аллаһумма, лә-ка л-хамду, Анта қаййиму с-сәмәуәти уәл-л-арди, уә мән фи-һинна, уә-ләка л-хәмду, лә-ка мулку с-сә-мәуәти уәл-л-арди уә мән фи-һинна, уә ләка-л-хәмду анта нуру с-сәмәуәти уә-л-арди уә мән фи-һинна, уә-ләка-л- хәмду анта мәлику с-сәмәуәти уә-л-арди, уә лә-ка л-хам-ду-анта л-Хаққу, уә уә`ду-ка л-хаққу, уә ликәу-ка хаққун уә қаулю-ка хаққун, уа-л-жәннату хаққун, уә н-нәру хаққун, уа-ннабийуна хаққун, уә Мухаммадун (соллә-Ллаху аләйхи уә сәлләма) хаққун, уә с-са’ату хаққун. Аллаһумма, лә-кә асләмту, уә би-кә аманту, уә `әләй-кә тәуәккалту, уә иләй-кә анабту, уә би-кә хасамту, уә иләй-кә хакамту, фа-ғфир ли мә қаддамту, уә мә аххарту, уә мә асрәрту уа ма ә`ләнту, анта-л-муқаддиму уә анта-л-муаххиру, лә иләһә иллә анта, уә лә хаулә уә лә қуууәта илля би-Лләһ).

Ибн Баттал: «Алла Тағала түнде оянып, Таухид сөздерін айтып, сосын Оның билігін, Оның игіліктерін мойындаған және олар үшін Оны мадақтаған, сондай-ақ, Оны Өзінің ұлылығына лайық емес барлық нәрселерден пәктеп, Оның қолдауынсыз қандай нәрсеге болса да өзінің әлсіздігі мен қабілетсіздігін мойындаған адамның дұғасына жауап беруге Өзінің пайғамбары арқылы уәде берді. Бұл хадисті естіген әрбір адам Алла разылығы үшін шын ықыласпен оған амал етуі керек», - деген.

Әбу Абдулла әл-Фирьяби: «Мен бұл зікірді оянғаннан кейін айтып қайтадан ұйықтайтынмын. Бір түсімде маған осы аят оқылды: «Олар сөздің ең жақсысын айтуға [яғни, бір Аллаға иман айтуға һәм оны жар салуға] бағытталған [жандар]», - дейді («Фәтх әл-Бари», 4/348).

Алайда егер адам басқа зікірлерді айтса не аят, хадис оқыса немесе шариғат ілімінен бір нәрсені қайталай бастаса, бұл сүннеттің негізі орындалған болып саналады.

материал «Ұмытылған 40 сүннет» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: