25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Біз үшін намаз қаншалықты маңызды?»

«Біз үшін намаз қаншалықты маңызды?»

Намаз

Намаз оқымаудың ең басты себебі – оның маңызын түсінбеуде. Намаз ақырет күнінде шексіз сый сыйлайды.

Алайда одан хабарсыз адам «қолым тимейді, кейін оқимын» деп сылтау айтатыны бесенеден белгілі. Дүние мен ақырет істерінің қайсысы абзал екенін білмегендіктен осылай айтуда. Намаздың адамзат жаратылысының мақсаты екеніне пысқырып қарағысы да келмейді. Ал негізінде Аллаһ тағала Құранда:

«Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» - демей ме? («Зәрият» сүресі, 55).

Бізді жаратып, рухымызды қайта алған, ақыретте есепке тартып шексіз сыйлық немесе азап беретін Аллаһ тағала адамзатты бұл дүниеге құлшылық үшін жаратқанын айтып намаз оқуымызды бұйыруда. Ал біз болсақ өз құлқынымыздың қамын ойлап, бостан-босқа жаратылып, мына жалғанға текке келгендей сезінеміз. Бұл жайында да Аллаһ тағала: 

«Біз сендерді бостан босқа жараттық деп ойлайсыңдар ма?.....» - демей ме? (Муминун, 115.).

Аллаһ тағала да, Пайғамбарымыз (с.а.с.) да ең үлкен ғибадаттың намаз екенін айтумен қоса қабірге түскенде де ең бірінші сұралатын осы намаз екенін ескерткен. Алғашқы сынақтан сүрінбесек, басқа нәрселердің де есебін беру оңайырақ болады. О дүниеде тозақтағылардан тозаққа түсулеріне не себеп болды деп, сұралған кездерінде ең әуелі:

«Біз намаз оқушылардан емес едік!...» демей ме? (Құран, "Мүддәсір", 40-47 аяттар).

Сондықтан намаз оқуға деген ынтамызды дұрыстайық.

Бес күндік жалғанның сынақ екенін жақсы ұғынып, мұсылмандық парыздарымызды орындауға ұқыппен қарайық. Намазымыз арқылы барлық қателіктеріміз бен күнәларымыздан арылуды Алла Тағала баршамызға нәсіп еткей! Әмин! Ал ол кезде бәрі де кеш болмақ.

материал «Намаз  – діннің тірегі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: