25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Таң намазынан кейін ұйықтауға бола ма?

Таң намазынан кейін ұйықтауға бола ма?

Намаз

Таң намазын оқып алғаннан кейін қайта жатып ұйықтаудың күнәсі жоқ. Тек, ырзық-несібенің тарылуына алып келуі мүмкін болғандықтан, ғалымдарымыз ұйықтамауға кеңес берген. Өйткені, таң атқаннан, күн шыққанға дейінгі аралықта ырзық-несібе бөлінетіндігі хадистерде айтылады.

Деректерге қарағанда, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) таң намазын оқып болғаннан кейін сүйікті қызы Фатиманың үйіне кіреді. Кірсе қызы ұйықтап жатыр екен. Қызын оятып жатып:   

«Қызым, тұр! Раббыңның ризық-несібесіне куә бол! Ғапыл адамдардың қатарынан болма. Шынында, Алла Тағала адамдардың ризық-несібесін таң атқаннан, күн шыққанға дейінгі аралықта бөледі», - деп ескерткен. [Имам  Бәйһақи].

Тағы бір хадисінде: "Таңғы ұйқы – ризыққа кедергі" деген [Имам Ахмед].

Сондықтан да, мүмкін болса таң намазынан кейін ұйықтамай тәспі тартып, Құран оқыған мұстахаб (ұнамды). Қосымша кітап оқыған құптарлық іс. Әйткенмен, ұйықтаған адамға да күнә жоқ.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: