25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жұма намазын үйде жалғыз оқуға бола ма?

Жұма намазын үйде жалғыз оқуға бола ма?

Намаз

Жұма намазы дұрыс болуы үшін ғұсылды және дәретті болуымен қатар:

  1. Қала немесе қала үкіміндегі жер болуы керек.
  2. Намазды орталықтан тағайындалған имам өткізуі тиіс.
  3. Имамнан бөлек ең аз үш балиғат жасындағы ер адам болуы керек.
  4. Құтпа оқылуы шарт. Құтпа оқылмаса, жұма намазы саналмайды.  
  5. Бесін намазының уақыты кірген болуы ләзім.
  6. Көпшіліктің ғибадат үшін еркін кіріп-шығатын «жәәмиъ мешіт» үкіміндегі орын болуы керек. Бұл шарт ескі кітаптарда «әл-Изнуль Ғамм» деген терминмен белгілі[1].  

Демек, үйде жұма намазы оқылмайды екен. Алайда, әйел адамға, жолаушыға, балиғатқа толмаған балаға, сырқат кісіге, зағип адамға, екі аяғы жоқ мүгедекке, әлдебір залымның зұлымдығына ұшыраудан қауіптенген адамға, түрмедегілерге кеңшілік танылған[2]. Бұл кісілерге жұмаға бармауға рұқсат. Оның орнына бесін намазын оқиды.

 

[1] Әл-Фәтәуә әт-Тәтәрхания – 2/53-56 беттер.
[2] Имам Шүрүнбүләли: Имдәд. 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: