26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сәлем бергеннен кейін үш рет «астағфируллаһ» деп айту сүннетте бар ма?

Сәлем бергеннен кейін үш рет «астағфируллаһ» деп айту сүннетте бар ма?

Намаз

Намазда сәлем бергеннен кейін үш рет «астағфируллаһ» деп айту – Пайғамбарымыздың сүннеті.

Сахих Муслимде келтірілген хадисте Сәубән есімді сахаба былай дейді:

«Алла елшісі намазын аяқтағаннан соң үш рет «истиғфар» айтатын да (артынан): «Аллаһуммә әнтәс сәләму уә минкәс сәләму тәбәрактә иә зәл жәләли уәл икрам» дейтін». 

Осы хадисті жеткізушілер тізіміндегі әл-Уәлид есімді кісі: «Мен Әузәъиден Истиғфар қалай айтылады?» - деп сұрағанымда Ол: «Астағфируллаһ, астағфируллаһ дейсің» деді[1]" - деп айтылуын қысқаша түсіндіріп өткен. 

 

[1] Сахих Муслим: Китабуль Мәсәжид уә Мәуадиъис сала». №936 хадис.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: