26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намазда сүрелерді ретімен оқымаса, мәкрүһ бола ма?

Намазда сүрелерді ретімен оқымаса, мәкрүһ бола ма?

Намаз

Сахаба Абдулла ибн Аббасқа бір кісі:

«Пәлен адам Құран (сүрелерін) ретсіз оқиды (мәнкус)», - деп айтады. Сонда Абдулла ибн Аббас (р.а.): «Оның жүрегі ретсіз», - деген екен[1].

Аталмыш риуаяттағы «мәнкус» сөзі – реті бойынша кейін тұрған сүрені, алдыңғы сүреден бұрын оқуды айтады. Ханафи мәзхабында, сүрелерді бұлай оқу – мәкрүһ[2]. Себебі, Құрандағы сүрелердің реттік тізімін Пайғамбарымыздың өзі белгілеген. Сондықтан, намаз оқығанда сүрелерді ретімен оқуға мән беру керек[3].

Ескерту:

  • Намазда сүрені ретсіз бастап қойған жағдайда бастаған сүрені әрі қарай оқи береді. Жарым белден тоқтатып, ретіне қарай оқылуы керек болған сүреге өтпейді. Мысалы, бірінші ракәғатта "нас сүресін" бастап қойдыңыз делік. Нас сүресін жарым белден тоқтатып, "фалақ сүресіне" өтілмейді. Бастаған нас сүресін әрі қарай оқиды. Немесе бірінші ракәғатта "кәусәр сүресін" оқыды делік. Екіншісінде, байқамай реті бойынша бұрын келетін "құрайыш сүресін" бастап қойса, жарым белден тоқтатып, кәусәр сүресінен кейін тұратын "наср сүресіне" өтпейді. Бастаған құрайыш сүресін оқи береді.
  • Бір намазда оқылған сүрелердің ретін, келесі оқылатын намазда жалғастыру шарт емес. 

 

[1] Имам әл-Байхақи, Шуъабуль иман - №2116 риуаят.
[2] Жалпы Құран оқығанда сүрелерді ретімен оқу керек. Бірақ, Құран оқуды үйреніп, жаттап жүрген кісілерге аталмыш мәселеде жеңілдік бар.
[3]Ибн Ғабидин, Раддул Мухтар – 3/480 бет.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: