26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қаза намазы қай уақыттарда оқылмайды?

Қаза намазы қай уақыттарда оқылмайды?

Намаз

Асыр намазынан кейін тек нәпіл намазын оқу – мәкрүһ, қаза намазы емес.

Қаза намаздары тек мына үш уақытта өтелмейді[1]:

  1. Күн шыға бастағаннан қарауға шыдас бермейтіндей дәрежеге көтерілгенге дейінгі аралық. Басқаша айтқанда, күн шыққаннан бастап, найза бойы көтерілгенге шейін. (Шамамен 30-40 минут). 
    Осы орайда айта кетейік, Имам Мұхаммед: «Күн найза бойына көтерілмейінше ол - күн шығып келе жатқан үкімінде болады», - деген[2]. 
  2. Тапа тал түсте. Шаңқай түс. (Күн тас төбеге көтерілген кез, көлеңкенің әбден қысқарған кезі). (Шамамен бесін намазының уақыты кіруіне 10-15 минут қалған уақыт аралығы)[3].
  3. Күн қызарып бата бастағаннан түбегейлі ұясына кірген уақыт аралық[4]. Басқаша айтқанда, күнге қарауға шыдас беретіндей сәттен бастап, түбегейлі батқанға шейін[5].

Бұдан өзге уақыттарда қаза намаздарын өтеуге рұқсат[6]. 

 

[1] Бұл уақыттарда ешбір намаз оқылмайды.
[2] Имам Мұхаммед, әл-Асл.
[3] fetva.diyanet.gov.tr
[4] Ибн Ғабидин, Раддул Мухтар – 1\233 бет.
[5] Күн батар уақытта, асыр намазын ертерек оқуға үлгере алмаған кісіге асыр оқуға болады. 
[6]Аталмыш үш уақытта намаз оқуға болмайтындығы мына хадистен шыққан: «Сахих Муслимде» риуаят етілген бір хадисте былай делінеді: «Мына үш уақытта Пайғамбарымыз (с.а.у.) намаз оқудан және мәйіттерімізді қабірге көмуімізден тыйды (жаназа намазы): Күн шыға бастағаннан көтерілгенге дейін, тапа тал түсте зәуәл уақытына дейінгі және күн бата бастағаннан, ұясына кіргенге шейінгі уақыт.  (Китабу Салатил Мусафирин уа қасриһа). 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: