26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намазды үйде шортымен оқи беруге бола ма?

Намазды үйде шортымен оқи беруге бола ма?

Намаз

Хадис кітаптарында Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сахаба Жәбирге былай дегендігі риуаят етіледі:

«Егер, (үстіңдегі орағыш) кең болса, киіп ал (яғни, бір шетімен белден төменгі жағын, екінші шетімен белден жоғарғы жағын жауып тұрардай ора). Ал, тар болса, тек изар етсең болады» [1]. 

Изар – белден төменгі жағын жауып тұратын орағыш. Әдетте изардың ұзындығы белден бастап, сирақтың жарымына дейін болатындығын ескерсек [2], бүгінде «шорты» деп аталатын шолақ шалбармен намаз оқудың ешқандай әбестігі жоқ. Тек, ұзындығы – тізеден төмен болуы тиіс. Өйткені, тізе – әурет. Әрі, дене ағзаларын тым қатты бедерлеп тұрмайтындай кең болғаны жақсы.

Әйткенмен, мешітке мүмкіндігінше шалбар киіп барғаны жөн. Неге десеңіз, Құран Кәрімде: «Уа, Адам баласы! Әрбір мешітке барарда, киімдеріңді киіп барыңдар...»[3], - делінеді. Осыған орай, мешіт әдебіне сай киініп барған абзал.

 

[1] Сахих Бухари: Китабу сала.
[2]  Өйткені, бір хадисте: «мұсылманның изары - сирақтың жарымына дейін», - делінген.
[3] Ағраф сүресі, 31 аят. 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: