26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаз оқымайтын адамның садақасы

Намаз оқымайтын адамның садақасы

Намаз

Намаз оқымайтын мұсылман адамның істеген сауапты істері ескеріледі.

Құран Кәрімде: «Кім зәредей жақсылық істесе, ол оның қарымтасын көреді», – делінген. Сондай-ақ сахих хадисте жеңіл жүрісті әйел жөнінде айтылады. Ол әйел құдық басында шөлден өлуге шақ қалған бір итті көріп, дереу етігін шешіп, оны орамалына байлап, құдықтан етігімен су алып, итке ішкізген екен. Алла Тағала оның осы әрекеті үшін бүкіл күнәларын кешіріпті («Сахих Бухари», №3321 хадис).

Осы хадистен күнәһар әйелдің істеген сауапты ісінің Алла Тағала тарапынан қабыл етілгендігін ұғынудамыз. Сондықтан берген қайыр-садақаларыңыз және біреуге жасаған жақсылықтарыңыз, ізгі істеріңіз амал дәптеріңізге жазылады. Есеп-қисап күні амалдар таразыға тартылар тұста ол істеріңіз амал таразысының бір жағына қойылары сөзсіз. Әйткенмен, намаз өте маңызды. Намаз оқымауымыз о дүниеде амал таразысының күнә жағын ауыр басып кетуі мүмкін. Тіпті, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) о дүниеде бірінші сұралатын амал – намаз екендігін айтқан. Егер пенденің намазы дұрыс болса, құтылып, жетістікке қол жеткізеді. Ал егер намазы дұрыс болмаса, ұтылып, сәтсіздікке ұшырайтындығын ескерткен (Тирмизи, «Сунән».).

Сол себепті намазды да тез арада бастаған абзал. Намаз – әрбір ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылманға парыз.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: