26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ғұсыл құйыну қандай жағдайда міндет?

Ғұсыл құйыну қандай жағдайда міндет?

Намаз

Ғұсыл құйыну – денені толық жуып, тазалану.

Мұсылман жұма намазына, екі айт намаздан алдын ғұсыл құйыну сүннет. Сонымен қатар, міндетті түрде ғұсыл құйыну қажет жағдайлар бар.

Олар:

1. Шәуеттің шығуы. Ұйқыдағы немесе ояу адамның (ер кісі және әйелдің) бойынан шәуеттің ләззатпен шығуы. Үмму Салим Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Расулалла! Әйел де ұйқыда еркек секілді түс көреді, мұндайда ғұсыл құйынады ма?» – деп сұрады. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Құмарлық сезеді ме?» – деді. Үмму Салим: «Болуы мүмкін», – деді. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «(Бойынан немесе киімінен) ылғалдық көреді ме? – деді. Үмму Салим: «Болуы мүмкін», – деді.

Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ондай болса, ғұсыл құйынсын», – деп жауап берді. Кісі ұйқыда жатып түс көрсе, алайда киімінен шәуеттің белгісін таппаса ғұсыл құйыну парыз емес. Түс көрмей бірақ оянғанда киімінен шәуеттің ізін байқаса ғұсыл құйыну шарт болады. Сонымен қатар, науқастық немесе басқа да себеппен ешбір құмарлықсыз кісі бойынан шәует шықса зәр үкімінде есептеледі. Мұндай жағдайда тек дәрет алу қажет. Сондай-ақ, ұйқыдан кейін дәрет алып намазын оқып, артынан киімінен жүніптік белгісін көрсе, намазын қайта оқиды.

2. Ерлі-зайыптылар жыныстық мүшелері жанасса. Айша (Алла оған разы болсын) анамыз бұл жайлы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ұшы ұшына енсе ғұсыл уәжіп болады», – деген сөзін риуаят етеді. Ер кісі мүшесінің басы әйел жатырына енсе, екеуіне де ғұсыл құйыну міндет. Мұндай жағдайда бойдан шәует шықса да, шықпаса да ғұсыл уәжіп.

3-4. Әйелдің етеккірі және босанғаннан кейінгі қан келу кезеңі біткеннен кейін ғұсыл құйынуы парыз. Құранда: «...қашан олар нақ тазарса...», – деп әмір етілген. Әбу Ханифа Омар (Алла оған разы болсын) және Ибн Масудтан (Алла оған разы болсын) риуаят етеді: «Хайыз (етеккір) – қаны тоқтаған әйел. Әйел етеккірден соң ғұсыл құйынбайынша хайыз болып есептеледі.

материал «Үйленбей тұрып үйрен» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: