26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Истихара намазының жауабын қалай білеміз?

Истихара намазының жауабын қалай білеміз?

Намаз

Истихара – ғайыпты білу емес!

Біз үшін ненің қайырлы, ненің қайырсыз екені бәрібір ғайып болып қала береді. Ал оны оқу – істі Аллаға тапсыру, Одан бізге қайырлысын таңдап беруін сұрау. Өйткені, біз шын мәнінде өзімізге ненің жақсы, ненің жаман екенін біле бермейміз.

Құранда: «Қайдан білесіңдер, бәлкім, ұнатпаған нәрселерің түбінде өздерің үшін қайырлы болар. Сондай-ақ ұнатқан нәрселеріңнің түбінде өздерің үшін зиянды болуы бек мүмкін. Ақиқатын Алла біледі, сендер білмейсіңдер» («Бақара» сүресі, 216-аят), – деп айтады.

Сахаба Омар ибн әл-Хаттаб: «Басыма жақсы көретін нәрсе келе ме, жек көретін нәрсе келе ме бәрібір. Себебі мен жақсылықтың мен жақсы көретін нәрсе де ме, жоқ әлде жек көретін нәрседе ме екенін білмеймін», – деп айтады екен.

Ал әйгілі табиғин ғұлама Хасан әл-Басри де (Алла рахымын алсын) бір сөзінде былай деген екен: «Бастарыңа келген бәлекеттерді жек көрмеңдер. Кейде сендер ұнатпайтын істерде есендіктерің болуы мүмкін, сол сияқты сендер жақсы көретін істерде құрыдымдарың болыуы мүмкін (Әл-Қуртуби. Әл-Жамиғу ли ахкамил Қуран).

материал «Истихара» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: