Усама ибн Зәйд (р.а.) Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уа саллам):
«Қиямет күні бір адам тозаққа тасталады. Сонда оның ішек-қарны ақтарылып кетеді де, шұбатылған ішек-қарнымен бейне бір диірмен тасын айналған есектей шыр айнала бастайды. Бұны көрген тозақтықтар жиналып келіп оған: «Ей, пәленше! Саған не болған, сен (дүниеде) адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандыктан тыймаушы ма едің?» - дейді.
Сонда әлгі адам: «Иә, шынында, мен елді жақсылыққа шақыратынмын, бірақ оны өзім істемеуші едім. Сондай-ақ, жамандықтан тыйып, өзім тыйылмаушы едім», - деп сырын ашады дегенін естідім»,- деген.
материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz