01
Жұма,
Қараша

һижри

«Өзіңе ажалың келгенге дейін Раббыңа құлшылық ете бер»

«Өзіңе ажалың келгенге дейін Раббыңа құлшылық ете бер»

Иман келтіру

Дүние – иләһи бір иман дәрісханасы. Өлім болса, мәжбүрлік орын ауыстыру заңы.

Хазіреті Мәулана: «Тірілу үшін өліңіз!» дейді.

Жан – дүниенің тірілуі тек нәпсі қалауынан бас тартуымен ғана болады.

Хазіреті Пайғамбар (аләйһиссәләм): «Барлық ләззәттарды тамырымен қопарып тастайтын өлімді көбірек еске алыңдар!» - (Тирмизи, Зуһд, 4; Нәса-и, Жәнәиз, 3) деп бұйырған.

Өлімді ойлау – еріксіз түрде өлместен бұрын өлімді еске түсіру. Осылайша нәпсі қалауынан ұзақтап, ерікті түрде жаратушының құзырына дайындалу. Бұл – иманға барып тірелетін ойлау мен сезімталдық.

 

Ақын Ашқи осы ойлау мен сезімталдық әлемінен көңілдерге былайша үндейді:

Естідің бе ажалға шара тапқанды,

Бұл дүние үстінде мәңгі қалғанды,

Әзірле өзіңе ләзім болғанды,

Қош жалауын ашармыз бір күні.

 

Әзірәйл, уағдасы біткенді білер,

Ол-шақырушыз қонақ, әр үйге келер,

Достарың жылар, дұшпаның қуанар,

Жақсымен жаманды білерміз бір күні...

 

Мәйітханадағы қазан мен төсек хабаршы болар,

Өлгенің маңайға тезірек естілер,

Жібектер мен сырмалар түгел шешілер,

Бес аршын кебінді пішерміз бір күні...

 

Мұсаллә! дегенің өлшеу тасы (пробный камень)

Куәдүр інсанға жары мен жолдасы;

Ақылды болсаң, кебініңді басыңда тасы;

Бала шағадан қашармыз бір күні...

 

Көлігің табыт, ұмытудан сақтан,

Есігіңе келуі жақын,

Ризасы болмаса Хақтың

Әлемде үрей шашармыз бір күні...

 

Адам қара топырақтың гауһары

Ізгі амал, қабірдегі жарамды капитал

Барғанда құзырына пәрменшінің

Жақсы мен жаманды өлшерміз бір күні...

 

Ей, Ашқи, өлімге әзір бол әрдайым,

Көсемің Хақ болсын, дәстүрің Құран;

Қалайда келер кезегің,

Ақылыңнан шығарма, шарасыз қалармыз бір күні...

 

Еш күмән жоқ, бұл жалғандағы тілектер, пәни үміт пен жұбаныштар, жапырақтардың күздегі төгіліп, түсуінен де қатты түрде қабір топырағына төгіліп, түсіп жатқан жапырақтар ғана.

Әрбір көктас өлім тілі мен тыныштығы арқылы сөйлейтін оттай бір насихатшы. Қабірістандардың қала ішінде, жол шеттері мен мешіт аулаларында орын алуы, өлімді еске салып тұру мен өлімді ойлау үшін. Өлімді нақты түрде ойлау, өлгендердің күлгін түсті еріндерінде байланып шешілмейтін үнсіздік сырына жасырылған. Өлімнің үркітуші ауыртпалығын сөздердің әлсіз кеуделері көтере алмайды! Өлім алдында барлық салтанат бітеді. Өлімнің үгіт берудегі күштілігі, шешендігі алдында, дүниеден келетін жауаптар тек көз жастары мен бос айқайлар. Құл нәпсі сипаттардан өз еркімен бас тартса, күмән жоқ, жаратушысы оған ілтипаты әрі ғинаятымен жаңа өмір береді. Сондай-ақ, Алла Тағала былай деген: «Әсілінде өлген, бірақ біз (иманмен жүрегін) тірілтіп, оның адамдар арасында дұрыс жүруіне жарық берген бір адам мен қараңғылықта (күпірлікте) қалып, одан шыға алмаған адам ұқсас па?..» (Әнғам, 122)

Осындай құл, дүниеде жүргенде, нәпсі сипаттардан бас тартқандығы үшін жан дүниесі тірілгендерден болып табылады. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хадис шәрифте былай дейді. «Мұсылман назарынан қорқыңдар! Себебі, ол Алланың нұрымен қарайды...» (Жәмул фауаид 5, 329)

Бүкіл бұл баяндардың сөздердің барлығы «Өлместен бұрын өліңдер!» деген мағынаның шындыққа айналуы үшін, рухани өмірде жүзеге асырылатын негіздер. Айтылғандарды лайықты түрде орындауға тырысатын мұсылмандар, күш-қайраты мен табандылық көрсетулеріндегі байыптылық әрі бастарындағы иләһи қорғау мөлшерінше бір нәтижеге жетеді. Расында, ықыласты қайрат иләһи ілтипаттың да жәрдемімен аңсаған арманға, бақытқа қол жеткізеді.

Дүние – алдамшы сағым. Ал ақырет болса, мәңгілік өмір. Өлім – кісінің жеке қияметі. Өз қияметіміз келмей тұрып оянайық та, өкінген қауымнан болып қалмайық. Өйткені, әр фәнидің белгісіз бір уақыт пен мекенде Әзірейілмен кездесетіні айғақ. Өлімнен қашып құтылатын ешбір жер жоқ.

Егер құл, нәпсіге бой ұсына, тек дүниеге иман келтірген сияқты өмір сүрсе, қабір оған қараңғы дәліз болып көрінеді. Өлімнің қорқынышы ешбір нәрсемен салыстыруға келмейтін дәрежеде оны мазалайды. Жағдай осылай болып, тұрғанда жоғарыда саналған негіздерге көңіл аударып, орындаумен өз болмысынан, яғни, нәпсісінен асып, жан дүниесінде сақталған періштелік сипатының бағытында дәрежелерге көтерілсе, өлім оған қиялдар жете алмас дәрежедегі биік, ұлы Раббыға қауышудың мәжбүрлік шарты ретінде көрінеді. Сөйтіп, көп адамдарға суық әрі қорқынышты болып көрінген өлім, көңілдерде «рәфиқул ала», яғни ең ұлы досқа қауышу толқуына айналады.

Мәлик бин Динар бір күні түсінде Рафиді жалаңбас, жалаңаяқ жүгіріп бара жатқанын көрді. Одан: «Кайда барасың ?» - деп сұрады.

Рафи: «Аллаға шүкір! Зынданнан құтылдым» - деді. Хазіреті Мәлик таңертең дереу Рафидің үйіне барып қараса Рафи қайтыс болып, кетіпті. Сопылық жолдың кемеңгері Мәулана Жәләләддин Румидің айтуынша! Осындай өлім «шәб-и Арус», яғни той кеші. «Өлімді көркемдеу» үшін, жалғыз шара жоғарыдағы негіздерді сіңіре отырып рухани дәрежелерге көтерілу қысқаша, төмендегі аятта айтылғандай: «Өзіңе ажалың келгенге дейін Раббыңа құлшылық ете бер!», - (Хижр, 99) яғни, лайықты түрде құл болу. Уа, Раббымыз! Ғаламды иләһи махаббат көзілдірігімен зерттеуді, оны рухани сана-сезім, ар-ұждандағы толқулар әрі имани шаттығулар бұрышынан тамашалауды, сондай-ақ, көзден ағатын өкініш шықтарымен ғапу аясына жетуді, сөйтіп, «өлместен бұрын өліңдер» сырына жетіп, ақиқат әлемінде оянуды нәсіп еткейсің!

материал «Махаббаттағы сыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: