26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жолдасым нәпіл ораза ұстауыма қарсы болса...

Сұрақ-Жауап

Сұрақ:

Ассаламуалейкум. Шаууәл оразасын ұстауға жолдасым қарсы, не істесем болады?

Ақмарал

 

Жауап:

Уа алейкум салам. Біріншіден Шәууәл айының оразасының парыз амалдардан емес екенін білген жөн. Ол сүннет амал. Сол үшін де оған парыз амал сияқты орындалмағаны үшін күнә жазылмайды. Ал егер парыз ораза болса, жолдасыңыздың рұқсаты қажет етілмейді. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

لَا طَاعَةَ لِمَخْلُوقٍ فِي مَعْصِيَّةِ الْخَالِقِ

«Жаратушыға қарсы жаратылысқа мойынсұнылмайды,»–дейді. (Ахмад)

Ал енді сүннет, нәпіл оразаға келсек, әйел адам үшін ерінің рұқсаты қажет. Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

لا يَحِلُّ لِلْمَرْأَةِ أَنْ تَصُومَ وَزَوْجُهَا شَاهِدٌ إِلا بِإِذْنِهِ

«Күйеуі куә болып тұрған әйел үшін ерінің рұқсатынсыз ораза ұстауы халал емес,»–дейді. (Бухари, Муслим)

Тағы бір риуаятта:

لا تَصُومُ الْمَرْأَةُ وَبَعْلُهَا شَاهِدٌ إِلا بِإِذْنِهِ غَيْرَ رَمَضَانَ

«Ері куә болып тұрған әйел үшін Рамазаннан тыс кездері ерінің рұқсатынсыз ораза ұстауы халал емес,»–деген. (Абу Дауд, Тирмизи)

Хафиз Ибн Хажар хадистегі «ерінің куә болуы» дегенді–күйеуі қасында болғанда, сапарға шығып кетпегенде деп ашықтаған.

Түйін: еріңіз рұқсат етпесе аузыңызды бекітпеңіз. Онда күнә жоқ. Егер жолдасыңыз жолға шығып жатса, немесе рұсат беріп жатса бекіте жатарсыз.

Ең дұрысын Алла біледі.

Ummet.kz

Бөлісу: