26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қарыздан құтылуға көмектесетін амал

Сұрақ-Жауап

Сұрақ:

Сәлеметсіздер ме? Адам қатты қиналып, қарызданып кетсе не амал жасауы керек?

Күнсұлу

Жауап:

Сәлеметпіз. 

1)Ең әуелі Аллаға тәуекел етіңіз, Алладан қорқып күнәлі істерден аулақ болыңыз, себебі Алла Тағала Құранда:

وَمَن يَتَّقِ اللَّهَ يَجْعَل لَّهُ مَخْرَجًا (2) وَيَرْزُقْهُ مِنْ حَيْثُ لَا يَحْتَسِبُ ۚ وَمَن يَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ فَهُوَ حَسْبُهُ

«Кімде-кім Алладан қорқса оған шығыс жолын көрсетеді. Оны күтпеген жерден ризыққа кенелтеді. Кімде-кім Аллаға тәуекел етсе Алла оған жеткілікті болады,»– дейді. (Талақ 2-3)

2)Сабыр сақтаңыз. Алла Тағала Құранда

إِنَّ اللَّهَ مَعَ الصَّابِرِينَ

«Алла сабырлылармен бірге,»–дейді.(Бақара 153)

3)Қанағатшыл, үнемшіл болыңыз. Пайғамбар с.ғ.с:

مَا عَالَ مَنْ اقْتَصَدَ

«Үнемді болған басқаға кіріптар болмайды,»– дейді. (Ахмад)

4)Туыстарыңызбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз, Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

مَنْ سَرَّهُ أَنْ يُبْسَطَ لَهُ فِي رِزْقِهِ أَوْ يُنْسَأَ لَهُ فِي أَثَرِهِ فَلْيَصِلْ رَحِمَهُ

«Кімде-кім ризығының кеңейіп, өмірінің ұзарғанын қаласа туыстарымен қарым-қатынасын жақсартсын,»–дейді. (Бухари, Муслим)

Сонымен қатар хадистерде келген мына дұғаларды жасаңыз:

1)

اللَّهُمَّ اكْفِنِي بِحَلَالِكَ عَنْ حَرَامِكَ وبفضلك عمن سواك

Аллаһумма  икфини би-халалик ъан харамик уа ағнини би фадлик ъамман сиуак 

(Уа, Аллам, маған халал нәрсеңді жеткілікті ет те харам қылған нәрсеңе жақындатпа! Ұлықтығыңмен мені Өзіңнен басқа ешкімге мұқтаж етпе!)

         Дұғаның оқиғасы: Бірде Алиге (р.а) бір құл келіп: «Мен бостандығымды алуға қауқарсыз болып жатырмын, көмек тесші,»–деді. Сонда Али (р.а): «Мен саған Пайғамбардың маған үйреткенін үйретейін бе? Егер сенде Сир тауындай қарызың болса да Алла оны өтейді деп жоғарыдағы дұғаны үйреткен. (Тирмизи)

2)

اللهم مالك الملك تؤتي الملك من تشاء، بيدك الخير إنك على كل شيء قدير، رحمن الدنيا والآخرة ورحيمهما، تعطيهما من تشاء، وتمنع منهما من تشاء، ارحمني رحمة تغنيني بها عن رحمة من سواك

Аллаһумма маликал-мулк, ту'тил-мулка ман таша', биядикал-хойр, иннака ъала кулли шай'ин қадир, Рахмануд-дунья уал-ахироти уа Рахимаһума, туътиһума ман таша', уа тамнаъу минһума ман таша', ирхамни рахматан туғнини биһа ъан рахматин манм сиуак

(Уа, барша мүлік иесі Аллам, мүлікті қалағаныңа бересің, бүкіл жақсылық сенің қолыңда, сен барлық нәрсеге құдіреті жетушісің. Дүние мен ақыреттің Рахманы, әрі Рахимысың. Оларды (мүлік пен жақсылықты) қалағаныңа бересің, әрі қалағаныңды олардан шегересің. Маған өзгелердің мейірімене қажеттілік қалдырмайтын мейірімділік таныт.)  (Табарани)

3)

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ الْهَمِّ وَالْحَزَنِ ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ الْعَجْزِ وَالْكَسَلِ ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ الْجُبْنِ وَالْبُخْلِ ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ غَلَبَةِ الدَّيْنِ وَقَهْرِ الرِّجَالِ

Аллаһумма инни аъузу бика минал-һәмми уәл-хазан, уа аъузу бика миал-ъажзи уәл-кәсәл, уа аъузу бика минал-жубни уәл-бухль, уа аъузу бика мин ғалабатид-дәйни уа қахрир-рижал.

(Уа, Алла! Мен Саған уайым мен қайғыдан, әлсіздік пен еріншектіктен, қорқақтық пен сараңдықтан, қарыздың астында қалу мен адамдардың ашуына ұшыраудан сыйынамын.)

Дұғаның тарихы: Бірде Пайғамбар (с.ғ.с) мешітке кірсе онда ансарлық сахабалардан болған Абу Умама деген кісі отыр екен. Пайғамбар (с.ғ.с):

–Әй, Абу Умама, намаздың уақытынан тыс уақытта не степ отырсың мешітте?–дейді. Абу Умама:

–Уайым мен қарыздар ғой.

–Саған бір сөз үйретейін бе? Егер оны айтатын болсаң Алла Тағал сенен уайымыңды сейілтеді, қарызыңды өтейді.

–Әрине...

–Ендеше таң ертең мен кешкісін мына дұғаны айт,– деп жоғарыдағы осы дұғаны үйретті.

Әбу Умама (р.а) осы дұғаны жасағаннан кейін уайымының сейіліп, қарызы өтелгенін айтты. (Абу Дауд)

Алла жеңілдігін берсін. қарыздарыңыздан азат етсін.

Ummet.kz

Бөлісу: