Сұрақ: Ассалаумағлейкум. Менін қояр бір сауалым бар, отбасы құрғаныма 3 жылдын көлемі болды. Перзентті бола алмай жүрміз. Жанарыс (Қыдыр Ата деп халық атап кеткен) деген халық емшісіне барып емделсек аллаға серік қосу болып саналама. Егерде биз емді ол кісіден емес Алладан тілеп барсақ (сол кісіні себепші қылып) қалай болады екен?
Жауап: Балалы болу - Жаратқанның бұйрығы
Ұрпақ беру - бір Алланың қолындағы іс, жазмыш. Жаратушы қалаған пендесіне ұл, қалағанына қыз береді. Енді біреулерге егіз береді. Ал біреулерді ұрпақ сүюден мақұрым қалдырады.
﴿لله ملك السماوات والأرض يخلق ما يشاء يهب لمن يشاء إناثا ويهب لمن يشاء الذكور * أو يزوجهم ذكرانا وإناثا ويجعل من يشاء عقيما إنه عليم قدير﴾
«Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Қалағанын жаратады. Кімге қаласа қыздар, кімге қаласа ұлдар береді. Немесе ұлдар мен қыздарды жұп-жұбымен береді. Сондай-ақ қалағанын бедеу қылады. Күдіксіз Ол толық білуші әрі аса құдіретті» (Шура, 49, 50).
Мұсылмандық таным бойынша бір ғана Жаратқанның қолынан келетін нәрсені адамнан, тіріден не өліден сұрауға болмайды. Әулие-әнбиелердің қабірлеріне, бақсы-балгерлерге барудан тек зияннан пайда басқа жоқ. Мұндай іс-әрекеттер Алла Тағаланың ашу-ызасын тудырады. Өйткені Алланың қолындағы нәрсені өзгеден сұрау - Жаратушыға серік қосқанмен пара-пар. Жаратушы Хақ Тағала пенделерінің Өзінен емес, еш пайда бермейтін бәзбір жаратылыстардан сұрауына қатты наразы болады. Бұрынғы ата-бабаларымыз өз жырларында нақ осы күнәдан сақтандырып: «Бірінші тілек тілеңіз бір Аллаға жазбасқа» деп өсиет етіп кеткен. Ендеше ондай әрекеттердің Құдайдың қаһарына ұшырататын бұзық қылық, мұсылмандықтан шығаратын айқын күпірлік екендігі хақ. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿وإن يمسسك الله فلا بضر كاشف له إلا هو وإن يمسسك بخير فهو على كل شيء قدير﴾
«Егер бір Алла саған зиян келтірсе, сонда оны Өзінен ешбір айықтырушы басқа жоқ. Ал, бір саған игілік тигізсе, Оның әр нәрсеге толық күші жетуші» (Әнғам, 17);
﴿ولا تدع من دون الله ما لا ينفعك ولا يضرك فإن فعلت فإنك إذا من الظالمين * وإن يمسسك الله فلا بضر كاشف له إلا هو وإن يردك بخير فلا رآد لفضله يصيب به من يشاء من عباده وهو الغفور الرحيم﴾
«Және өзге де Алладан саған пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге жалбарынба. Егер оны істесең, онда сен күдіксіз залымдардан боласың. Егер бір Алла саған зиян жеткізсе, сонда оны Алладан басқа жоқ айықтырушы. Ал, егер бір саған жақсылық қаласа, оның кеңшілігін тойтарушы жоқ. Ол оны құлдарынан қалағанына береді. Ол өте Жарылқаушы, ерекше Мейірімді»(Жүніс, 106, 107);
﴿إن الذين تدعون من دون الله عباد أمثالكم فادعوهم فليستجيبوا لكم إن كنتم صادقين﴾
«Расында, Алладан өзге шоқынғандарың өздерің сияқты құлдар. Егер шын айтсаңдар, қане оларды шақырыңдар, сендерге жауап берсін» (Ағраф, 194),
﴿والذين تدعون من دونه لا يستطيعون نصركم ينصرون ولا أنفسهم﴾
«Сендердің Алладан өзге шоқынғандарың сендерге де жәрдем ете алмайды әрі өздеріне де жәрдем ете алмайды» (Ағраф, 197);
﴿يا أيها الناس ضرب مثل فاستمعوا له إن الذين تدعون من دون الله لن يخلقوا ذبابا ولو اجتمعوا له وإن يسلبهم الذباب شيئا لا يستنقذوه منه ضعف الطالب والمطلوب * قدروا ما الله حق قدره إن الله لقوي عزيز﴾
«Ей, адам баласы! Бір мысал келтірілді. Енді соған құлақ салыңдар. Сендердің Алладан өзге табынғандарың барлығы жиылса да әсте бір шыбын жарата алмайды. Сондай-ақ, шыбын олардың егер бір нәрсесін алып қашса, одан оны құтқара алмайды. Өйткені іздеуші де, де ізделген нашар. Олар Алланың қадірін біліп, шын мәнінде бағалай алмады. Алла аса күшті, өте үстем» (Хаж, 73, 74);
﴿ذلكم الله ربكم له الملك والذين تدعون من دونه من مايملكون قطمير *إن لا تدعوهم يسمعوا دعاءكم سمعوا ولو و مالكم ويوم القيامة استجابوا يكفرون بشرككم ينبئك ولا مثل خبير﴾
«Сол - Алла. Барлық иелік соған тән. Одан өзге бір табынғандарың ұрық қабығына да ие емес. Егер оларға жалбарынсаңдар дауыстарыңды естімейді.Естісе де сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ, қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандарыңнан танады. Толық хабар беруші Алладай саған ешкім түсіндірмейді» (Фатыр, 13, 14);
﴿ومن أضل ممن يدعو من دون الله من لا يستجيب له إلى يوم القيامة وهم عن دعائهم غافلون * وإذا حشر الناس كانوا لهم أعداء وكانوا بعبادتهم كافرين﴾
«Алладан өзге Қияметке дейін өзіне жауап бере алмайтын біреуге табынғаннан залым кім бар? Әрине, табынғандары олардың жалбарынуынан хабарсыз. Адамдар жиналған кезде оларға табынғандары дұшпан болып, олардың өздеріне құлшылық қылғандықтарына қарсы шығады» (Ахқаф, 5, 6).
Алладан басқадан жәрдем сұрап, ғибадат дұғасын жасау немесе Жаратушыдан өзгенің күші жетпейтін нәрсені сұрау - мүшріктік амал, яғни Алла Тағалаға көпе-көрнеу серік қосу. Бұл туралы Алла Тағала Құран Кәрімде былайша ескерткен:
﴿إن الله لا يغفر أن يشرك به ويغفر ما دون ذلك لمن يشاء ومن يشرك بالله فقد ضل ضلالا بعيدا ﴾
«Негізінен Алла Өзіне ортақ қосуды жарылқамайды (кешірмейді). Одан басқа кімді қаласа, жарылқайды. Ал, кім Аллаға ортақ қосса, расында ол қатты адасады» (Ниса, 116);
﴿فلا تدع مع الله إلها آخر من فتكون المعذبين﴾
«Алламен бірге тәңір шақырма. Онда сен де азапқа ұшыраушылардан боласың»(Шұғара, 213);
﴿ولو أشركوا لحبط عنهم ما كانوا يعملون﴾
«Егер олар ортақ қосса еді, әрине олардың істеген амалдары жойылып кетер еді» (Әнғам, 88).
Алла Тағалаға дұға қылу, қалаған тілекті сұрау қандай да бір делдалдың, ортақтың еш қажеттігінің жоқ екендігі туралы қасиетті аяттарда айқын баяндалған. Жалпы, Құран Кәрімдегі аяттарда Пайғамбарымызға (с.а.с.) адамдар қойған сұрақтарына «Уа, Мұхаммед! Оларға де Сен былай» деп жауап беріліп де келеді, Алла Өзі Тағаланың туралы, оған ғибадат, дұға қылу жайында сұрақ болғанда былай деп айт деген сөз айтылмайды. Ол аят төмендегідей.
﴿وإذا سألك عبادي عني فإني قريب أجيب دعوة لي إذا الداع دعان فليستجيبوا وليؤمنوا بي لعلهم يرشدون﴾
Алла Тағала: «Егер Мен туралы құлдарым сенен сұраса, Мен өте жақынмын. Қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине, тура жол тапқан болар еді» (Бақара, 186). Яғни, «егер мен туралы пенделерім сұраса, уа, Мұхаммед, оларға былай де» немесе «пәленді, түгенді не өлі пенделерді араға делдал, уасила етіп алсын» деген сияқты мағына жоқ. Алла Тағала серіктен пәк. Керісінше, «Қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін» деп тұр.
Алланың елшісі (с.а.с.) өзінің шарапатты хадистерінде қажетті бір Алладан сұрау керектігін баса айтқан. Дұға, медет тілеудің жай-жапсарын тайға таңба басқандай түсіндіріп өткен.
عن بن عباس قال كنت خلف رسول الله صلى الله عليه وسلم يوما، فقال: «يا غلام، إني أعلمك احفظ يحفظك كلمات الله، الله احفظ تجده تجاهك، إذا سألت فاسأل الله، وإذا استعنت فاستعن بالله، أن الأمة على أن لو واعلم اجتمعت ينفعوك بشيء لم ينفعوك بشيء إلا قد كتبه لك الله ولو على أن لم اجتمعوا يضروك بشيء يضروك بشيء إلا قد كتبه الله عليك، رفعت الأقلام وجفت الصحف». رواه الترمذي.
Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Пайғамбардың (с.а.с.) артында келе жатқанда Ол (с.а.с.) маған: «Ей, балақай! Мен саған мына сөздерді үйретемін: Алланы сақта, сонда Ол сені сақтайды. Алланы сақта, сонда оны алдыңнан табасың. Бірдеңе сұрасаң, Алладан сұра. Жәрдем тілесең, Алладан тіле. Бүкіл бір халық жиналып саған пайда келтірмек болса, тек Алла жазған нәрсені ғана келтіре алатындығын және олар бір Алланың тек саған зиян келтірмекке жиылса да жазғанын ғана келтіре алатындығын білгейсің. Қаламдар көтерілді, парақтар кеуіп кетті (яғни, тағдыр тақтасына бәрі жазылды)», - деді. (Термези риуаяты).
عن النعمان بن بشير قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: «إن الدعاء هو العبادة وقال ربكم ثم قرأ ادعوني أستجب لكم ». رواه ابن ماجة.
Нұғман ибн Бәширдің (р.а.) айтынша Пайғамбар (с.а.с.): «Дұға - ғибадат», - деп,«Раббыларың: «Маған жалбарыныңдар! Тілектеріңді қабылдаймын» деген аятты оқыған. (Әбу Дәуіт, Термези, Ибн Мәже риуаяты).
fatua.kz