26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Егер адам кіші күнәдан тыйылмаған жағдайда не болады?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Егер адам кіші күнәдан тыйылмаған жағдайда не болады?

Жауап: Кіші күнәларға құлшынудың қатерлігі

Имам Нәуәуи МуслимніңСахихынажазған түсіндірмесінде былай дейді: «Ғұламалар, Алла оларға разы болсын, былай дескен: «Кіші күнәға деген құлшыныс оны үлкен күнәға айналдырады».

Сондай-ақ, Ибн Омар, Ибн Аббастардан және басқалардан жеткізілген риуаятта: «Жарылқау тіленген күнә үлкен болмас, құлшыныс жасалған күнә кіші болмас», – делінген. Мұның мағынасы көп жарылқау тілеумен үлкен күнә кетіріледі де, керісінше, құлшыныспен қайта-қайта істей берілген кіші күнә үлкен күнәға айналады дегенге саяды.

Шейх Мұхаммед ибн Абдуссәләм аталмыш құлшыныстың мағынасын «пенде кіші күнәны дәнігіп, көп істей бергені соншалықты өзінің дініне деген салғырттығын сезінеді» деп белгілеген.

Алла Тағаладан дүние мен ақыреттің саулығын, асылық пен күнә атаулының жариясынан да, жасырынынан да, кішісінен де, үлкенінен де аман қылуын сұраймыз. Ал енді үлкен күнәларға жеке-жеке тоқталамыз. Бәрін білуші – Алла Тағала.

 

 fatua.kz

Бөлісу: