26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жұма күні ораза тұтуға болады ма?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Жұма күні ораза тұтуға болады ма?

Жауап: Жұма күні ғана ораза ұстау – мәкрүһ. Алайда, жұма күніне бір күн алдын немесе бір күн кейін қосып ораза тұтса рұқсат етіледі.

Әбу Хурайра (р.ғ.) риуаят еткен хадисте, Алла Елшісі (с.ғ.с.): 

لا يَصُومَنَّ أَحَدُكُمْ يَوْمَ الْجُمُعَةِ , إلاَّ أَنْ يَصُومَ يَوْما قَبْلَهُ , أَوْ يَوْما بَعْدَهُ

«Сендерден ешкім жұма күніне бір күн бұрын немесе бір күн кейін қосып ұстамайынша, тек жұма күні ғана ораза тұтпасын»[1],-деп ескертті.

Егерде нәпіл ораза тұтуды әдетке айналдырған күндерінің бірі жұма күнге тұспа-тұс келген жағдайда, мәкрүһ үкімі жойылады.



[1] Хадисті имам Бұхари мен Мүслім риуаят етті.

Бөлісу: