25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Доңыздың терісін пайдалануға рұқсат па?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Доңыздың терісін пайдалануға рұқсат па?

Жауап: Шариғатта доңыздың еті және терісіде харам болып табылады. Құран Кәрімде:«Шынайы түрде сендерге өлексені, (арам өлген малды) қанды, доңыз етін және Аллаһтан басқаның атымен бауыздалғанды арам етті»[1] – деген.

Имам Әбу Ханифаның (р.х) көзқарасы бойынша доңыздан басқа барлық жануарлардың терісі иленгеннен соң пайдалануға рұқсат. Жабир бин Абдулла (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Алла тағала және Оның елшісі арақты, өлексені, доңызды және пұтты сатуды харам етті. Сонда: уа, Алла елшісі! Өлескенің майы ше, онымен кемелер майланады, тері-былғарыларға жағылады және майшам етіп жағылады,-деп сұрады. Пайғамбар (с.ғ.с.): Жоқ, ол харам,-деді де, сөзін жалғастырып: Алла тағала яһудилерді құртсын, Алла өлексенің майын харам еткенде олар әдемілеп сатып, құнын жеген,-деді»[2].



[1] «Бақара» сүресі, 2/173 аят.

[2] Хадисті имам Бухари риуаят етті.

Бөлісу: