Біріккен араб әмірлігі мен Кувейт елдері қызығушылық салдарынан қолданушыларға қауіп төндіре бастаған Pokemon Go ойынының шектен тыс таралуына алаңдаушылық білдіруде, деп хабарлайды Al Arabiya.
Кувейт Ішкі істер министрлігі Pokemon Go мобильді қосымшасын қолданушыларды үкіметтік, әскери және басқа да мемлекеттік маңызды нысандарды суретке түсіруден сақ болу туралы арнайы мәлімдеме жасады. Сондай-ақ Кувейт Құқыққорғау органы азаматтарды ойында пайдаланатын кейіпкерлерді мешіттерден, сауда орындары мен жанармай бекеттерінен іздеуден тыйылуға шақырды.
«Ешбір азамат елдің заңын білмеймін деп ақталуы қабылданбайды» деп мәлімдеді ІІМ жоғары шенді өкілі Сүлеймен әл-Фахад.
Ал Біріккен араб әмірлігі ойын қолданушыларын ойдан шығарылған заттарды қуудан сақ болуы керектігін ескертті.
ummet.kz-ақпарат