08
Жұма,
Қараша

һижри

Лондонда мұсылман мұралары көрмесі басталды

Жаһан
Жарнама

Британ астанасында мұсылман мұраларына арналған ауқымды көрме басталды. Оның авторы – Еуропадағы ислам тарихын 20 жылдан беру зерттеуші ғалым, белгілі саяхатшы, жазушы Тарик Хусейн.

Көрме Лондон ислам орталығында орналасқан. Онда Т.Хусейннің кәрі құрлықтың әр өңірінде – Испания, Англия, Франция, Эстония, Болгария т.б. елдерінде түсірген фотосуреттері жинақталған. Жобаның мақсаты – көне замандағы ұмыт қалған мұсылман мұраларын таныту.

Қызықты фотосуреттер қатарында орта ғасырға тән Балқандағы мұсылмандар қабірі, IX ғасырдың Бағдатқа жасалып, Эстониядан табылған монеталары, сондай-ақ Тұманды Альбионда алғаш іргетасы қаланған мешіттегі намаздағы адам суреті бар.

«Мен Еуропа тарихы тек христиандықпен қана байланысты деген аңыздың қате екенін айтқым келеді. Мұсылман мәдениеті мен ислам өркениеті сан ғасырлар Еуропа тарихында маңызды рөл атқарғанын бірі білсе, енді бірі білмейді» дейді Тарик Хусейн. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: