«Электронды білезік – қажыларға көрсетілген қызмет сапасын көтеруге бағытталған қадам. Енді шет тілін білмейтін қажылар адасып кетемін деп мазаланбаса да болады» деп хабарлады Сауд Арабиясы Ұмра және қажылық министрінің орынбасары Эйса Мұхаммед Равас.
Меккеге қажылыққа келген барлық мұсылмандарға өздері жайында деректер жазылған электронды білезік беріледі. Онда негізінен қажының келген елі, виза нөмірі, паспорт деректері мен мекенжайы көрсетіледі.
Сонымен қатар, құрылғыда қажыға қызмет көрсетуші, Мекке мен Мәдинада және басқа да қасиетті жерлерге жеткізуші туроператор және топ жетекшісінің байланыс нөмірлері туралы мәліметтер қамтылмақ.
Білезіктегі ақпараттарды қауіпсіздік органы қызметкерлерінің көмегімен смартфон телефондары арқылы алуға болады.
ummet.kz-ақпарат