Вирджиния штаты Стерлинг қаласында Халықаралық босқындар күніне орай өткізілген ауызашарға Біріккен ұлттар ұйымының Жоғары комиссары босқындар ісі жөніндегі басқармасының арнайы елшісі, Голливуд әртісі Анжелина Джоли қатысты.
Көпшілік алдында сөз сөйлеген А.Джоли ауызашарға шақырылғанына қуанышты екенін білдіріп, алғыс айтты.
«Әлемде, оның ішінде Құрама штатта да исламофобия құбылысы етек жайып барады. Мұсылмандарға қарсы неше түрлі қастандықтар жасалуда. Біз бәріміз бірігіп, бізге ислам мен мұсылмандар жайында жалған пікір қалыптастырып, қауіп төндіргісі келетіндерге қарсы тұруымыз қажет. Барлық адам тумысынан бірдей, сол себепті барлығының құқықтары тең» деді А.Джоли.
ummet.kz-ақпарат