Сауд Арабиясы диетология бойынша ассоциациясы вице-президенті, тамақтану консультанты доктор Халед әл-Мадани барша мұсылмандарды ауызашар кезінде қателіктерге ұрынбауға шақырды.
Көпшілік адамдар ауызашарда шектен тыс тамақ жеп қояды, оның ішінде майлы да қуырылған ас-тағамдар да бар. Негізінде, ауызашарда адам ағзасы жеміс-жидектер мен көкөніс өнімдерінің дәрумендерін қажет етеді.
Диетологтың айтуынша, ауызашарда негізгі тамақты жердің алдында сұйықты көп ішуден сақтану керек. Доктор өте пайдалы ауызашардың сырын айтып берді. Ең әуелі екі стакан су, құрма, онан соң көкөніс сорпасы. Мұнан кейін тарауиз намазынан соң да тамақтануға болады. Онда майлы емес еттен әзірленген ас ұсынылады. Ал сәресіге жармадан жасалған тамақ жеу кеңес етіледі. Халед әл-Мадани ораза кезінде тәтті тағамдарды жеуден барынша шектелу керектігін жеткізді. Ол сондай-ақ ауызашардан кейін темекі шегудің орасан зор зияндылығын ескертті.
ummet.kz-ақпарат