27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Алтын мешіт сыйлады (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди Сауд Арабиясы королі Салман ибн Әбдел Әзизге ежелгі үнділік «Чераман Джума Масждид» мешітінің алтыннан құйылған көшірмесін сыйға тартты.

Үнді үкімет басшының айтуынша, бұл сыйлық Үндістан мен Сауд Арабиясының көпғасырлық сауда-экономикалық қарым-қатынасының белгісі болмақ.

«Чераман Джума Масждид» 629 жылы араб саудагерлерінің Үндістанда тұрғызған алғашқы мешіті. Тарихшылардың пайымдауынша, құлшылық үйі Сауд Арабиясы мен Үндістанның сол дәуірден қалыптасқан сауда қатынасының үлкен бір нышаны саналған.

Бір деректерде ғимараттағы май шамның маздап тұрғанына мыңдаған жыл өткен деген қызықты мәлімет бар. Ал мешіт шамына барлық дін өкілдері дәстүрлі түрде май сыйлап келетін көрінеді.  


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: