27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Зерттеу: Мұсылман әйелдерінің білімі қандай?

Жаһан
Жарнама

Жуырда Катар мен Британ ғалымдары мұсылман қыз-келіншектерінің білім деңгейіне қатысты тың мәліметтерді жария етті.

Ауқымды жүргізілген зерттеу барысында Катар аспирантура институтының докторы Набил Хаттаб пен Бристоль университетінің профессоры Тарик Модуд 21-24 жас аралығындағы мұсылман қыздарының 25%-нда білім саласында дәрежесі бар екеніне куә болған. Ал мұсылман ерлер арасындағы бұл көрсеткіш – 22%-ға тең.

6600 оқушының мектептегі қорытынды емтихан нәтижелерін зерттей келе мамандар 11-14 жастағы мұсылман оқушылары ішінде қыз балалардың балдық көрсеткіші айтарлықтай жоғары екенін анықтады.

«Қыз балалар академиялық білім саласында жоғары көрсеткішке ие. Бұл бүгінгі қоғамда мұсылман халқына қатысты қалыптасқан, әсіресе, батыс елдеріндегі жағымсыз стереотиптерді жоққа шығарады. Мұсылман қыздары тезірек отбасы құрып, ана болумен қатар, білім мен ғылымда да белсенді екендігін байқаймыз» дейді Набил Хатиб.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: