27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Жаңа матафта жүз мыңнан аса қажы тәуап етеді

Жаһан
Жарнама

Сауд Арабиясында Қағбаны айналу үшін қойылған уақытша көпірді  (матаф) алып тастау жұмыстары басталды, деп хабарлайды Al Arabiya.

Қажыларға арналған матаф айналмасы 2013 жылы Мекке мешітіндегі қалың нөпірді азайту мақсатында орнатылған болатын.

Көпірді бұзу жұмысы батыс аймағынан басталды. «Фахд король атындағы жоба» атауын алған «әл-Харамды» кеңейту жұмыстары аяқталуына орай, енді қажылар кеңітілген мешіт ауласында жаңа матаф құрылымы бойынша құлшылық ете алады.

Матаф жөніндегі техникалық комитет төрағасы Файсал Вафтың айтуынша, көпір өз қызметін атқарып болды, енді оның қажеттілігі жоқ.

Ескі көпірді алып тастау жұмыстары келісілген компания мен «әл-Харам» мешітінің қауіпсіздік қызметі, қорғаныс ведомствасы мен техникалық комитетінің бірлесуі арқылы жүргізілуде.

Айта кету керек, жаңа матаф құрылымның бірінші қабаты мүгедек арбасындағы қажыларға, жоғарғы қабаты электрлі арбадағы қажыларға арналған.

Матафтың барлық қабаты Рамазан айына дейін қолданылуға әзір болмақ. Жаңа матаф аумағы бір сағат ішінде 107 000 қажының Қағбаны айналып шығуына мүмкіндік береді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: