27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Белгілі сәулетші өмірден өтті (ФОТОЖОБАЛАР)

Жаһан
Жарнама

Аты әлемге әйгілі ирактық сәулетші Заха Хадид 65 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Майами ауруханасында бронхит дертінен емделген архитектор жүрек талмасынан қаза болған.

Заха Мохаммад Хадид – архитектура саласы бойынша Притцкеровск марапатына ие болған тұңғыш жалғыз әйел.

Сәулетші 1950 жылы Ирак астанасы Бағдат қаласында дүниеге келген. Архитектуралық білімді Лондонда алып, 30 жасында өзінің Zaha Hadid Architects компаниясын құрады.

Сыншылардың пайымдауынша, Хадидтің туындылары қайталанбас стилімен, өзіндік үлгілерімен өзгелерден ерекшеленеді.

Архитектордың қолынан шыққан үздік жұмыстары – Лондон қаласында 2012 жылғы Су спорты түрлері олимпияда орталығы, Вайле-на-Рейнедегі Vitra өрт сөндіру стансасы, Римдегі XXI Ұлттық  өнер музейі және Бакудегі Гейдар Әлиев орталығы. Оның туындылары әлем елдерін қамтиды. Захид Хадидің жеке көрмесі 2015 жылы Ресей қаласында өтті. Туындыларының суреттері мен макеттерін, сондай-ақ жеке живопистік шығармашылығын Санкт-Петербургте ұсынды.

Сәулет өнерімен қатар, Хадид белгілі аяқ киім, жихаз бен сән компанияларымен бірлесіп жұмыс жасады.

Заха Хадидтің ең танымал архитекуралық жұмыстарын ұсынамыз.

Гейдар Әлиев орталығы. Баку. 

Су спорты түрле орталығы. Лондон. 

Шейх Зайед көпірі. Абу Даби.

Опера театры. Гуанчжоу.

Заха Хадид сәндік бұйымы

Donna Karan Woman жаңа әтір құтысы

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: