27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Үндістан: Неге мұсылман балалары білімге құштар?

Жаһан
Жарнама

Үндістанда жалпы білім беретін мекемелер мен әртүрлі конфессиялық топтардағы оқушылар арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысы жарияланды, деп жазады The Economic Times of India.

Зерттеуде белгілі болғаны, көптеген штаттарда мұсылман оқушылары оқу үлгерімі бойынша мұсылман емес өзге сыныптастарынан әлдеқайда жоғары көрсеткішке ие. Бұған, тіптен, мұсылман балалары білім алатын мектеп жағдайының басқа білім мекемелерінен төмен болғанына да әсер етпеген.

Мәселен, зерттеу есебінде Ассам штатындағы әлеуметтік жағдайлар келтірілген. Бұл штаттағы мектепте электр қуаты, ауыз су, дәретхана мен өзге өркениетті мектептерде қамтылған жағдайлар көрсеткіші елдің өзге аймақтарымен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Алайда, тұрмыстық шарттардың осыншалықты төмендігіне қарамастан, Ассама мұсылман балалары өзге қатарластарынан оқу үлгерімі бойынша үздік болып шығуда. Осы секілді көрсеткіштер Бихар, Гуджарат, Джаркханд, Керала және т.б. штаттарда байқалады.

Көптеген штаттарда мұсылман оқушыларының басқа сыныптастарына қарағанда мектептегі оқуы мен дәрістерден қалып қоюы өте сирек кездеседі. Сондай-ақ, мектептен тыс іс-шараларға өте белсенді қатысады екен. Бір сөзбен айтқанда, білім жолындағы кедергілер мен қиыншылықтар бұл оқушылардың білім алуға деген құштарлығын әлсірете алмаса керек.  

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: