05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Жаңақорғанда Бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы жасалды (фото)

Жаңақорғанда Бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы жасалды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында Бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы жасалды.

Кіріспе сөз алған Бас мүфти игі шараның маңызына тоқталды.

«Соңғы бірнеше жылдан бері дәстүрге айналған игі шарамыздың бірі ол – Бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы. Әбу Һұрайра (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адам баласы дүниеден озғанда, үш түрлі ісінен өзге барлық істері тоқтап (амал кітабы жабылып) қалады. Тоқтамайтын істері: үзілмейтін садақа, адамзат игілігі үшін қалдырған пайдалы ілімі және артынан дұға жасайтын ізгі ұрпақ», – деген.

Міне, біз кешегі өткен бабаларымыздың ізгі ұрпағымыз. Оларға дұға жасау біздің міндетіміз. Ат төбеліндей алаш осынау ұланғайыр жерімізді рухымен, намысымен, жан-тәнімен қорғап қалды. Сол қорғаған қазақтың жерінде тілі, діні, ділі, салты мен дәстүрі сақталып қалды. Сондықтан бүгінгі 100 хатым дұғамыз сол бабаларымыздың рухына бағышталады. Бүгін Сыр бойын жайлаған елдің ішінен шыққан ізгілерге оның ішінде Әбдірахим баб, Ысқақ баб және Әбдіжәліл баб, ұлы Хусейннің рухына, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың рухына, тәуелсіздік жолында шейіт болғандар мен еліміздің тұтастығы жолында қызмет еткен барша бабаларымыздың рухына бағыштаймыз» деді Бас мүфти.

Айта кетейік, игі шарада қарилар Құран оқып, батасын Бас мүфти жасап, ел мен жердің амандығы үшін дұға етті.

Бөлісу: