24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Халал бөлімнің жауапты өкілдері тексеру жүргізеді

Халал бөлімнің жауапты өкілдері тексеру жүргізеді

Ел іші
Жарнама

25 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz –  «ҚМДБ Халал» стандарт талаптарының басты ерекшелігінің бірі – сертификат алған мекемелерде ай сайын тексеріс жұмыстарының жүргізілуі, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Еліміздің әр облысында Бас мүфтидің бұйрығымен халал өнімдерін стандарттау бөлімінің жауапты өкілдері бекітілген болатын. Әр өңірдегі халал бойынша стандарттау және сертификаттау жұмыстары, оқу-семинарлар, тексеріс, қадағалау, бақылау, лабораториялық зертханаға жөнелтілу, адал ас жөніндегі уағыз-насихат, айлық тексеріс жұмыстарының барлығы осы халалдың өңірлік өкілдерінің қызметі арқылы жүзеге асып жатыр.

«ҚМДБ Халал» стандарт талаптарының басты ерекшелігінің бірі – сертификат алған мекемелерде ай сайын тексеріс жұмыстарының жүргізілуі. Тексеріс екіжақты келісімшартқа сәйкес айдың кез-келген он күндігінде алдын ала ескертусіз бару арқылы орындалады. Тексеріс барысында акт толтырылып, фотоесеп тұтынушылар назарына ұсынылады.

Өкілдердің бастамасымен еліміздің мешіттерінде халалдың бұрыштамасы жасалып, ақпараттық баннерлер мен плакаттар ілінді. Тұтынушылардың сұранысы бойынша ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық көлемде «Адал ас» турасында уағыз-насихаттар жүргізілді. Халал өкілдердің ұйымдастыруымен қайырымдылық шаралары да өткізілді.

halal1

halal1

halal1

halal1

halal1

Бөлісу: