24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Мұсылман зиратының тәртібі және әдептері» атты семинар өтті (ФОТО)

«Мұсылман зиратының тәртібі және әдептері» атты семинар өтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

25 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше Нұр-Сұлтандағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында «Мұсылман зиратының тәртібі және әдептері» атты семинар өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Семинарға ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қазы Ораз, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров, Шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы Сансызбай Құрбанұлы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Батыржан Мансұров, Қайырымдылық және уахып істері бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев, Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің басшысы Смайыл Сейітбеков, сондай-ақ бөлім мамандары мен барлық облыстың пәтуаға жауапты қызметкерлері қатысты.

Алғашқы сөзді алған Бас мүфти пәтуа берудің діни және қоғамдық жауапкершілігіне тоқталып, семинар жұмысының маңызын тілге тиек етті. Сонымен бірге, салт пен дәстүрдің сабақтастығын, мамандарға білім мен біліктілікті үнемі арттыру қажеттілігін айтты.

Жиында Қазақстандағы қазіргі зираттардың жағдайы баяндалды және желтоқсан айының басында Ғұламалар Кеңесінде қабылданған «Мұсылман зиратының тәртібі мен әдептері», «Құдай ас беру тәртібі» атты құжаттар таныстырылды. Оны халыққа жеткізу жолдары, әдіс-тәсілдері талқыланды. Сондай-ақ, ритуалдық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысын реттеу және құдайы ас-мәзірлерін бірізділікке түсіру жөнінде нақты ұсыныстар беру тапсырылды.

Түстен кейін жиналыстың екінші бөлігінде 2019 жылы атқарған пәтуа жұмысының қорытынды есебіне талдау жасалды. Келесі жылдың жоспары, пәтуа жұмысының бағыт-бағдары түсіндірілді. Семинар соңында өткен жылдың жұмысы бойынша жақсы нәтиже көрсеткен пәтуаға жауапты қызметкерлер мен бөлім мамандарына арнайы сертификат табыс етілді.

semin1

semin1

semin1

semin1

semin1

semin1

semin1

semin1

semin1

semin1

Бөлісу: