27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы халқымыздың дарынды жазушысы, ірі қоғам қайраткері, бірегей тұлға, дініміздің, тіліміздің жанашыры Әбіш Кекілбайдың қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына, қазақ руханиятының жанашырларына көңіл айтты.

Жуырда Намибия астанасы Виндхукта өткен ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитетінің сессиясы барысында Қазақстан мен Қырғызстан бірлесіп жолдаған «Айтыс – импровизация өнері» атты номинациясы Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекі тізіміне енгізілді. Бұл жайында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірлесіп, «Зайырлы мемлекет және дін қатынастары дәстүрлі рухани құндылықтар аясында» атты оқыту семинарын бастады. Еліміздегі мұсылман әйелдері ұйымдарының, жоғарғы оқу орындары жанынан құрылған «Қыз Жібек» клубтарының жетекшілері мен мүшелері, ҚМДБ құрамындағы діни сауат ашу курстарының және діни білім беру мекемелерінің оқытушыларықатысқан шара ертеңге дейін жалғаспақ.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында «Әл-Фаттах» атындағы зәулім мешіт ашылды. Бұл туралы ҚМДБ-ның ОҚО бойынша  өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиырма бес жасында алты баланы дүниеге әкеліп, көпбалалы ана атанған астаналық Айгүл Пірманова баспанаға қол жеткізіп, Елбасына шексіз алғысын білдіріп хат жолдады. Бұл жайында Ақорданың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасы жария етті.

Қазақстан заңнамасына ел тарихында тұңғыш рет мемлекеттік сукук эмиссиясын қамтамасыз ету бойынша түзетулер енгізілді. Өзгерістер сондай-ақ ислам қаржы нарығына дәстүрлі банктерді бейімдеу мәселелеріне де қатысты болып отыр.  

Қазақстанда діни экстремизм айыбы бойынша қылмыс істер көрсеткіші өскен. Құқыққорғау органы өкілдері тергеу жұмыстарын жеткілікті түрде жүргізуге дін саласындағы экстремизм мәселесімен айналысатын мамандар тапшылығы кедергі келтіріп отыр, деп хабарлайды Radiotochka.kz.

Жуырда Шымкенттік жас жұбайлар үйлену тойы алдындағы қыдыру жоралғысын жетімдер үйінде өткізгенін бірқатар БАҚ беттерінде жарыса жазылған еді. КТК телеарнасы жаңа отау көтерген жұптың той қызығын не себепті Балалар үйінде өткізгендерін өз ауыздарынан білді.

Арақсыз ауыл! Иә, Солтүстік Қазақстан облысы Теңдік елді мекенінің тұрғындары 12 жылдан бері ішімдік ішіп көрмепті. Той-томалақтары қымызбен өтетін ауыл туралы жағымды жаңалықты КТК телеарнасы жеткізді.