26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бүгін Алматы қаласында бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен «Келісім мен жасампаздық – Орта Азиядағы Исламның дәстүрлі негізі» тақырып аясында халықаралық форум басталды, деп хабарлады Muftyat.kz.

Бүгінде еліміздегі әрбір бесінші отбасы бала сүйе алмайды. Сондықтан медициналық жолмен жасанды ұрықтандыруға барып жатады. Бұл - қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Алматыда өткен ҚМДБ Ғұламалар кеңесі осы мәселенің шариғи үкімін талқылап, пәтуасын берді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесі өтуде. Келелі кеңес барысында қоғамдағы күрделі мәселелердің бірі талаққа (ажырасуға) байланысты арнайы шешім шығарылды.

Бүгін «Нұр-Мүбарак»  университетінде  мемлекеттік қызметтегі дін  саласындажұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру курсын бітірген алғашқы топқа сертификат табыстау рәсімі өтті.

Алматыда ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің ІX отырысында осы қылмыс түріне пәтуа шығарылды. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамда арсыздық пен бұзақылықты жаятын адамилыққа жат қылыққа қатысты пәтуа мәтіні төмендегідей:

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің кезекті ІX мәжілісі басталды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бүгін Павлодар облысындағы іс-сапары барысында өңір имамдарымен кездесу өткізді. Бұл жайында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында сән-салтанаты жарасқан жаңа мешіт ел игілігіне берілді. «Балаби қары» атауын алған мешіттің ашылу салтанатына бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысты, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Түркістанның солтүстік-батысындағы ежелгі Сауран шаһарында жүргізілген қазба жұмыстары барысында діни білім ошағының орны табылды. Археологтар тарихы мыңдаған жылды құрайтын медресені XVI ғасыр жәдігеріне балап отыр. Бұл туралы reactor.inform.kz порталы advantour.com сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының болашақтағы қызметінің бағдарламалық құжаты ретінде 2020 жылға дейінгі ҚМДБ-ның қызметін дамыту тұжырымдамасын қабылдау қоғам үшін өте ерекше оқиға. Осы құжат Діни басқарманың орталықтандырылған ұйымдастырушылық - басқару әлеуетін күшейтетін және қоғаммен қарым - қатынасын артыруға жағдай жасайтын бірден-бір құжат екені сөзсіз.

Құран Кәрім – мұсылман баласының тура жолдан таймай, өмір бағытын дұрыс тауып жүруіне арналған басшы кітап. Құран Кәрім – сіз бен бізді жаратқан, бүкіл ғаламдардың иесі, ақырғы есеп-қисап күнінің жалғыз Иесі Алла Тағаланың сөзі.